Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Amnesty International Украина халықаралық құқықты бұзды деп жариялады

© AFP 2024 / RONALDO SCHEMIDTВладимир Зеленский
Владимир Зеленский  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2022
Жазылу
Украинаның әскери іс-қимыл жүргізу ережелерін бұзғаны туралы Amnesty International (AI) жариялаған баяндама Батыстағы Киевті барлығы бірдей қолдай бермейтінін дәлелдеді. Президент Владимир Зеленский құқық қорғаушыларды Мәскеу мүддесін қолдап отыр деп айыптады, деп жазды РИА Новости.
"Украинаның әскери іс-қимыл жүргізу тактикасы бейбіт тұрғындарға қауіп төндіреді", - Amnesty International баяндамасының негізгі мәні. Құқық қорғаушылардың мәліметі бойынша, Украина Қарулы күштері азаматтық нысандарға жақын ғана емес, сол нысандардың ішінде соққы жасау позицияларын орналастырып жатыр. Негізінен ауруханалар мен мектептерде.
"Бұл тактика халықаралық гуманитарлық құқықты бұзады және азаматтық нысандарды әскери нысанаға айналдырады. Біз украин күштері бейбіт тұрғындарды қауіп-қатерге тіккен және елді мекендерде әрекет ету арқылы соғыс заңдарын бұзған жағдайларды анықтадық", - деді AI бас хатшысы Аньес Калламар.
Дәлел ретінде ұйым жергілікті тұрғындардың жауаптарын, спутниктен үсірілген суреттерді, фото және видео айғақтарды ұсынды. "Украина әскері елді мекендерден соққы жасаған, сондай-ақ Украина облыстарының 19 қаласы мен ауылындағы тұрғын үйлерге орналасқан. Жауынгерлер орналасқан тұрғын аудандардың көпшілігі майдан шебінен бірнеше километр жерде орналасқан. Әскери базалар немесе жақын маңдағы қалың орман алқаптары немесе тұрғын үйлерден қашық орналасқан басқа құрылымдар сияқты бейбіт тұрғындарға қауіп төндірмейтін балама нысандар болған", - деп мәлімдеді құқық қорғаушылар. Олардың ақпараты бойынша, Украина Қарулы күштерінің бейбіт тұрғындарды ықтимал соққыдан алшақтату бойынша қандай да бір әрекеттері туралы мәлімет жоқ.
Мысалы, Украина әскері Николаевтың оңтүстік аумағында, Лисичанск, Харьков қалаларында осылайша әрекет етті. Онда УҚК тұрғын үйлерге жақын позициялар құрып, адамдарды эвакуацияламады. Мұның барлығы бейбіт тұрғындардың қаза болуына әкелді.
"28 сәуірде Украина күштері кешен аумағында база орналастырғаннан кейін Харьков маңындағы медициналық зертхананың екі қызметкері жарақат алды. Госпитальдарды әскери мақсатта пайдалану халықаралық гуманитарлық құқықты өрескел бұзу болып табылады", - деп атап өтті AI.
Ұйым қызметкерлері 29 мектептің 22-сінде ғимаратты әскери позиция ретінде пайдаланатын сарбаздарды немесе ол аумақта "әскери іс-әрекет жүргізілгенінің" айғағын – оқ-дәрілер мен әскери азық-түліктерді анықтаған.
Украина қорғаныс министрлігі AI жұмысының нәтижелерін қатысты түсінік беруден бас тартты. Алайда, президент кеңсесіндегілер осыған қатысты жауап берді.
Баяндаманы жариялаудың бірінші нәтижесі – AI ұйымының Украинадағы филиалы директоры Оксана Покальчук қызметтен кетті. Оның айтуынша, соңғы сәтке дейін ол Украина қарулы күштерінің заң бұзушылықтары туралы мәтін кері қайтарылады деп күткен.
Содан кейін Владимир Зеленский құжатты сынап, іс жүзінде құқық қорғаушыларды Мәскеуді қолдады және Ресейге "рахымшылық жасауға әрекеттенді" деп айыптады. Ресейдің АҚШ-тағы елшілігі AI зерттеуінің нәтижелерін қолдап, "зерттеу АҚШ-тағы аудиторияға дұрыс қорытынды жасауға көмектеседі" деген үмітін білдірді.
Құқық қорғаушылар Киевтің өткір реакциясына байланысты "баспасөз хабарламасы тудырған алаңдаушылық пен ашуға" өкінішті сипаттайтын қосымша мәлімдеме жасады. Бірақ баяндама мәтіні сайттан өшірілген жоқ.
AI баяндамасы тағы бір жанжалмен тұспа-тұс келді: америкалық CBS телеарнасы Украинаға шетелдік қару-жарақ жеткізілімі туралы фильм түсіріп, қарудың 60 проценттен астамы майдан шебіне жетпей, заңсыз нарыққа түсіп жатқанын мәлімдеді.
Amnesty International ұйымының дағдарыс жағдайлары жөніндегі аға кеңесшісі Донателла Ровера ахуалды тұрақтандыру үшін жөнелтілген қару-жарақ көбіне террористердің қолына түскен Ирак пен Ауғанстанды мысал етті.
"Ол және CBS-тің басқа сарапшылары Украинада қару-жарақ жөнелтілімдерін түпкілікті межеге дейін қадағалайтын шетелдік бақылаудағы бақылау механизмін құруды ұсынып отыр. Бұл тұжырымдардың барлығы саясаткерлер арасында да, қарапайым халық арасында да үлкен сын тудырды. Кейбіреулер фильм авторларын Киевке көмек көрсетуді тоқтатуды ақтауға тырысты деп айыптады. Нәтижесінде фильм арна сайтынан алынып тасталды", - деп жазды мақала авторы.
Оның атап өтуінше, Amnesty International тәуелсіз құрылым боп саналғанымен, оның үкіметтік институттармен байланысы туралы бұрыннан белгілі. Ұйымды АҚШ Мемлекеттік департаменті мен басқа да ведомстволар қаржыландырады. Сондықтан Зеленскийдің ұйым баяндамасының артында кімдер тұрғанын аңғарғаны түсінікті.
Жаңалықтар
0