Алматыда зейнеткер атынан несие рәсімдеген күдікті ұсталды

© PhotoТуфля
Туфля - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.08.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 10 тамыз - Sputnik. Алматыда зейнеткерлердің атынан несие рәсімдеген әйел ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz
Ведомство мәліметінше, К. есімді азамат қарттың сеніміне кіріп, оның жеке деректерін пайдалана отырып атынан 900 мың теңгеге тауарлы онлай-несие рәсімдеген.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол ақшаның қажеттілігін алға тартып, істеген ісін бірден мойындады. Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді ", – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.
Айта кетейік, күдікті бұған дейін де осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Іс бойынша тергеу жалғасуда.
Жаңалықтар
0