https://sputnik.kz/20220810/almaty-oblysynda-zhauynger-nagrada-26627626.html
Алматы облысында қаза тапқан жауынгер наградаға ұсынылды
Алматы облысында қаза тапқан жауынгер наградаға ұсынылды
Sputnik Қазақстан
Оқиғаның мән-жайы анықталуда, қызметтік тергеу басталды 10.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-10T11:30+0500
2022-08-10T11:30+0500
2022-08-10T11:30+0500
алматы облысы
жауынгерлер
мемлекеттік наградалар
https://sputnik.kz/img/25/29/252908_0:53:1025:629_1920x0_80_0_0_cb294944b8f0af123d3b95d1d6bac337.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Алматы облысында қатты дауыл кезінде қаза тапқан қатардағы жауынгер Алмас Шахимов мемлекеттік наградаға ұсынылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Далалық оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан жауынгерді марапаттау туралы ұсыныс бас қолбасшылыққа жіберілген. Қай наградамен марапатталатыны шешіледі. Марқұмның денесі туған жері - Көкшетау қаласына жіберіледі. Ал отбасына материалдық көмек көрсетіледі. Айта кетері, 5571 әскери бөлімінің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес жедел мақсаттағы 1-батальонның жеке құрамы 8-13 тамыз аралығында далалық оқу-жаттығуға шыққан. 9 тамызда сағат 20.55 шамасында қатты дауыл басталып, жел соғып, тігілген шатырлар қирай бастаған. Қатардағы жауынгер Алмас Шахимов әріптестерін қауіпсіз жерге эвакуациялауға көмектесіп жүрген. Сол кезде шатырдың металл жақтауына басын соғып, жарақат алған. Оған медициналық көмек көрсетіліп, жауынгер Қонаев қаласындағы ауруханаға жеткізілген. Бірақ ауруханада қайтыс болды. "Өзінің жанқиярлық іс-әрекеттерімен қатардағы жауынгер А.Н.Шахимов жолдастарын құтқарып қалды. Алайда өзі басынан ауыр жарақат алды", - делінген ресми хабарламада. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, қызметтік тергеу басталды. Дауыл кезінде тағы 14 әскери жарақат алған. Қазіргі кезде барлығы сапқа қайта оралған.
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/25/29/252908_58:0:965:680_1920x0_80_0_0_58fd6797d80cdbbf3ea563809f8ac407.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, жауынгерлер, мемлекеттік наградалар
алматы облысы, жауынгерлер, мемлекеттік наградалар
Алматы облысында қаза тапқан жауынгер наградаға ұсынылды
Оқиғаның мән-жайы анықталуда, қызметтік тергеу басталды
НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Алматы облысында қатты дауыл кезінде қаза тапқан қатардағы жауынгер Алмас Шахимов мемлекеттік наградаға ұсынылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Далалық оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан жауынгерді марапаттау туралы ұсыныс бас қолбасшылыққа жіберілген. Қай наградамен марапатталатыны шешіледі.
Марқұмның денесі туған жері - Көкшетау қаласына жіберіледі. Ал отбасына материалдық көмек көрсетіледі.
Айта кетері, 5571 әскери бөлімінің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес жедел мақсаттағы 1-батальонның жеке құрамы 8-13 тамыз аралығында далалық оқу-жаттығуға шыққан.
9 тамызда сағат 20.55 шамасында қатты дауыл басталып, жел соғып, тігілген шатырлар қирай бастаған. Қатардағы жауынгер Алмас Шахимов әріптестерін қауіпсіз жерге эвакуациялауға көмектесіп жүрген. Сол кезде шатырдың металл жақтауына басын соғып, жарақат алған. Оған медициналық көмек көрсетіліп, жауынгер Қонаев қаласындағы ауруханаға жеткізілген. Бірақ ауруханада қайтыс болды.
"Өзінің жанқиярлық іс-әрекеттерімен қатардағы жауынгер А.Н.Шахимов жолдастарын құтқарып қалды. Алайда өзі басынан ауыр жарақат алды", - делінген ресми хабарламада.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда, қызметтік тергеу басталды. Дауыл кезінде тағы 14 әскери жарақат алған. Қазіргі кезде барлығы сапқа қайта оралған.