https://sputnik.kz/20220809/toqaev-premer-ministr-tapsyrma-26615710.html
Тоқаев премьер-министрге тапсырма берді
Тоқаев премьер-министрге тапсырма берді
Sputnik Қазақстан
Президент халықтың кірісін арттыруды қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті 09.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-09T17:01+0500
2022-08-09T17:01+0500
2022-08-09T17:01+0500
қоғам
президент
әлихан смайылов
https://sputnik.kz/img/1210/49/12104976_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_85857e0d271105b5f7a8d231c46514f2.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Премьер-Министр Әлихан Смайыловты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2022 жылдың қаңтар-шілде айларындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндалды.Әлихан Смайыловтың айтуынша, осы аралықта жалпы ішкі өнімнің өсімі 3,2 пайызды құрады. Тауарлар өндірісі 3,3 пайызға, көрсетілген қызметтер 2,4 пайызға артты. Құрылыс, сауда, өңдеу өнеркәсібі, сондай-ақ көлік және байланыс салаларында айтарлықтай өсім бар.Премьер-министр президентке үкіметтің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тежеу шараларына қатысты мәлімет берді. Үкімет 2022-2024 жылдарға арналған азық-түлік қауіпсіздігі жоспарын орындап келеді.Премьер-министр инфляция деңгейін төмендету, экономиканы демонополизациялау, елдің транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту жөніндегі шаралар туралы баяндады. Әлихан Смайылов құны 22,2 триллион теңге болатын инвестициялық жобалардың жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.Сонымен қатар үкімет басшысы президентке Қазақстанның 2023-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ұсынды. Президент құрылымдық реформалар мен экономиканы демонополизациялауды жалғастырып, кәсіпкерлікке қолдау көрсету қажет екенін айтты. Сондай-ақ халықтың кірісін арттыруды қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1210/49/12104976_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_f8471469bb9560b8b5fe8ca72385cf1b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, әлихан смайылов
президент, әлихан смайылов
Тоқаев премьер-министрге тапсырма берді
Президент халықтың кірісін арттыруды қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Премьер-Министр Әлихан Смайыловты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа 2022 жылдың қаңтар-шілде айларындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндалды.
Әлихан Смайыловтың айтуынша, осы аралықта жалпы ішкі өнімнің өсімі 3,2 пайызды құрады. Тауарлар өндірісі 3,3 пайызға, көрсетілген қызметтер 2,4 пайызға артты. Құрылыс, сауда, өңдеу өнеркәсібі, сондай-ақ көлік және байланыс салаларында айтарлықтай өсім бар.
Премьер-министр президентке үкіметтің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тежеу шараларына қатысты мәлімет берді. Үкімет 2022-2024 жылдарға арналған азық-түлік қауіпсіздігі жоспарын орындап келеді.
Премьер-министр инфляция деңгейін төмендету, экономиканы демонополизациялау, елдің транзиттік-көліктік әлеуетін дамыту жөніндегі шаралар туралы баяндады. Әлихан Смайылов құны 22,2 триллион теңге болатын инвестициялық жобалардың жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.
Сонымен қатар үкімет басшысы президентке Қазақстанның 2023-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ұсынды. Президент құрылымдық реформалар мен экономиканы демонополизациялауды жалғастырып, кәсіпкерлікке қолдау көрсету қажет екенін айтты. Сондай-ақ халықтың кірісін арттыруды қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.