https://sputnik.kz/20220809/shakhmat-qazaqstan-olimpiada-undistan-26600750.html
Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы олимпиадада Үндістаннан жеңілді
Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы олимпиадада Үндістаннан жеңілді
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Үндістанның Ченнай қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Қазақстан әйелдер құрамасы үздік үштіктен шығып... 09.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-09T07:28+0500
2022-08-09T07:28+0500
2022-08-09T07:28+0500
шахмат
https://sputnik.kz/img/07e6/02/03/22461945_0:0:960:540_1920x0_80_0_0_b4460c57498fac8a4852df65070e7bed.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Үндістанның Ченнай қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Қазақстан әйелдер құрамасы үздік үштіктен шығып қалды.Қазақстандық шахматшылар Үндістан құрамасынан 0,5-3,5 есебімен ұтылғаннан кейін турнир рейтингінде сегізінші орынға сырғыды, деп хабарлады Sports.kz.Матчқа дейін қазақстандық шахматшылар үшінші, ал үндістандық спортшылар екінші орында болды. Үндістан құрамасы Қазақстанды жеңгеннен кейін рейтингте көш бастады.Бұл Қазақстан әйелдер құрамасының Әзербайжаннан 1-3 есебімен ұтылғаннан кейінгі екінші жеңілісі.Ал Қазақстан ерлер құрамасы 8 тамыз күні Хорватия құрамасын 3:1 есебімен жеңді. Осы матчтан кейін Қазақстан құрамасы олимпиада рейтингінде 25-ші орыннан 20-шы орынға көтерілді.Бірінші орында Өзбекстанның, екінші орында Арменияның спортшылары тұр.Қазақстанның әйелдер құрамасы – Жансая Әбдімәлік, Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева және Гүлісхан Нахбаева.Ерлер құрамасы – Ринат Жұмабаев, Әлішер Сүлейменов, Арыстанбек Оразаев және Қазыбек Нөгербек.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/03/22461945_86:0:939:640_1920x0_80_0_0_76ba083961d41920c2794a6c74e8e777.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шахмат
НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Үндістанның Ченнай қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында Қазақстан әйелдер құрамасы үздік үштіктен шығып қалды.
Қазақстандық шахматшылар Үндістан құрамасынан 0,5-3,5 есебімен ұтылғаннан кейін турнир рейтингінде сегізінші орынға сырғыды, деп хабарлады
Sports.kz.Матчқа дейін қазақстандық шахматшылар үшінші, ал үндістандық спортшылар екінші орында болды. Үндістан құрамасы Қазақстанды жеңгеннен кейін рейтингте көш бастады.
Бұл Қазақстан әйелдер құрамасының Әзербайжаннан 1-3 есебімен ұтылғаннан кейінгі екінші жеңілісі.
Ал Қазақстан ерлер құрамасы 8 тамыз күні Хорватия құрамасын 3:1 есебімен жеңді. Осы матчтан кейін Қазақстан құрамасы олимпиада рейтингінде 25-ші орыннан 20-шы орынға көтерілді.
Бірінші орында Өзбекстанның, екінші орында Арменияның спортшылары тұр.
Қазақстанның әйелдер құрамасы – Жансая Әбдімәлік, Бибісара Асаубаева, Ксения Балабаева және Гүлісхан Нахбаева.
Ерлер құрамасы – Ринат Жұмабаев, Әлішер Сүлейменов, Арыстанбек Оразаев және Қазыбек Нөгербек.