Қоғам

5 жасар қызды іздестіру шаралары: алқапқа шарға байланған тәттілер қойылды

© департамент полиции Костанайской областиалқаптағы шарлар
алқаптағы шарлар - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2022
Жазылу
Әрбір алқапта биік жерде бақылаушылар отыр, олар жоғарыдан бәрін қадағалайды
НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Қостанай облысында жоғалған 5 жасар қызды табу үшін жүгері алқабына ас-су мен тәттілерді шарға байлап қою туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Тәртіп сақшылары осы шараның негізгі мақсатын да түсіндірді.
"Ол бір жағынан іздеушілерге белгі сияқты беріп тұрады. Әрбір алқапта биік жерде бақылаушылар отыр, олар жоғарыдан бәрін қадағалайды", - дейді полицейлер.
Айта кетері, кеше кешкі уақытта жоғалған қызды жүгері алқабының маңайында көрген. Бір топ адамды байқаған ол қайта жасырынып қалды.
Іздеушілер алқаптан тістелген жүгеріні тапды. Соған қарағанда кішкентай қыз тірі, ал іздестіру шаралары дұрыс бағытта атқарылып жатыр.
Кешкі алтыдан кейін алқаптардың үстімен дельтапландар ұшады.
Рудный қаласындағы дельталклубтың инструкторы көмекке келді. Олар да қызды іздестіруге қатысамыз дейді.
Үйден қашып кеткен қызды үш күннен бері іздестіріп жатыр. 5 жасар Мәдина 7 тамызда таңғы сағат жетінің кезінде терезеден шығып кеткен.
Жаңалықтар
0