Премьер әкімдерге халықпен жүзбе-жүз кездесу өткізіп, мәселені шешуді тапсырды

© Photo : пресс-служба премьер-министра РКӘлихан Смайылов
Әлихан Смайылов - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша министрлер мен әкімдердің халықпен кездесулері жаңа форматқа сәйкес "жүзбе-жүз, ашық тілдесу" түрінде өткізіліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Сондай-ақ халықпен кездесулер алдында азаматтардың өтініштеріне алдын ала талдау жүргізіліп, ол проблемаларды неғұрлым егжей-тегжейлі зерделеуге, әкімдік деңгейінде немесе ведомствоаралық өзара іс-қимыл арқасында оларды шешудің жолдарын қарастыруға мүмкіндік беріп отыр.
"Халықпен кездесуден соң барлық деңгейдегі әкім проблемалық мәселелерді жүйелейді, ал оларды қаржыландыру мүмкіндіктері мәслихат сессияларында қаралады", — деді Әлихан Смайылов үкімет отырысында.
Оның айтуынша, кейбір өңірлерде кездесудің жаңа форматына бейімделмей, ескі сүрлеуден шыға алмай отырғандар да бар. Алайда, бұған қарамастан, мұндай шараларға еркін кіру принципі сақталуы керек.
"Мемлекет басшысы "халық үніне құлақ асатын мемлекет" принципінің маңыздылығын атап көрсетті. Біз халықтың мұң-мұқтажына құлақ асып, олардың сын-пікірлерін де тыңдай білуіміз керек. Адамдарды күнделікті болып жатқан қарапайым мәселелер алаңдатады. Тек осындай кездесулердің қорытындысы бойынша ғана халықтың тарапынан 30 мыңға жуық мәселе мен ұсыныс көтерілді. Бұлардың бірде-біреуі қараусыз қалмауға тиіс. Адамдар өздері көтерген мәселелердің нақты шешімін тауып жатқанын көруі керек", — деді премьер-министр.
Осыған байланысты орталық және жергілікті органдар халықпен жоспарланған кездесулерді жалғастырып, қандай жұмыс атқарылды, басқа мәселелер қалай шешімін табады – соның бәрін нақты көрсету үшін әр кездесуді кеңінен жариялап отыруы керек.
Министрлер мен әкімдерге халықпен кездесулердің нәтижелілігін арттыру тапсырылды. Мұнда проблемалық мәселелердің жедел шешілуіне басымдық беріп, нысаналы топтармен тұрақты кездесулер өткізіп отыру керек.
Жаңалықтар
0