Өңірлер

Павлодарда бензин мен дизель отынын заңсыз сатқандар сотталды

© Sputnik / Абзал КалиевАқша санап отырған адам
Ақша санап отырған адам - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2022
Жазылу
Сот шешімімен үш адам бас бостандығынан айырылды
НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Павлодар облысында бензин мен дизельді заңсыз сату, сатып алу, сақтау фактілері анықталды. Үш адам сотталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қаржы мониторингі агенттігі таратқан мәліметке сәйкес, тергеу кезінде 15 көтерме жеткізушіден 610 миллион теңгеден астам сомаға 3,5 мың тонна АИ-92 маркалы бензин сатып алу фактісі анықталды.
Кейін оны "Унгефуг" ЖШС арқылы заңдылығын растайтын құжатсыз белгісіз тұлғаларға сатып жіберген. Дәл осы фирма құжатсыз 550 миллион теңгенің 2,4 мың тонна дизель отынын да сатқан. Сот шешімімен үш адам бас бостандығынан айырылды.

"Сот Шұғатаев Жанайдар Серікұлын қаражатын тәркілеумен 6 жылға, Унгефуг Сергей Геннадьевичті 4 жыл 6 айға, Шәмиев Ержан Хайроллаұлын 2 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Үш көлік пен 3 жартылай жүк тіркемесі тәркіленді", - делінген ресми хабарламада.

Агенттік мамандары жанар-жағармай материалдарын республикадан тыс жерге заңсыз сату немесе әкету фактілері туралы аумақтық департаменттерге хабарлауды сұрайды.
Дизель отыны - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2022
Егін жинауға жеңілдікпен берілген дизель отынын сатқан кәсіпкерлер анықталды
Жаңалықтар
0