Павлодарда баланың үстіне ағаш құлап түсті
© Photo : Пресс-служба акимата Алматыархив
© Photo : Пресс-служба акимата Алматы
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Жеткіншек жеңіл дәрежеде дене жарақаттарын алған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Баланың анасы Iәлеуметтік желідегі жергілікті пабликтердің бірінде пост жазып, бірнеше сурет жариялаған.
Баланың анасы Iәлеуметтік желідегі жергілікті пабликтердің бірінде пост жазып, бірнеше сурет жариялаған.
"Ойын алаңында баламның үстіне ағаш құлады. Абырой болғанда, ол аман қалды. Бұл ағашты 2018 жылдан бері кесуді сұраған едік, бірақ ПИК пен абаттандыру бөлімі әрекет етпеді", - дейді хаттың авторы.
Оның айтуынша, кесілген ағаш қазіргі таңда балалар алаңы жанында жатыр.
Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль шаруашылығы бөлімінде 109 қызметіне Павлов көшесі, 1 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің тұрғындарынан шағым түскенін хабарлады. Өтініште ағаштың бұтағы сынып, жолдың бойында ілініп тұрғаны көрсетілген.

"Оқиға орнына барған жедел топ сынған бұтақты алып, барлық ауладағы апатты ағаштарды кесу жұмыстары жүргізілді. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ", - дейді бөлімде.
Биылғы жылы ТҮКШ бөліміне қураған, апатты ағаштарды санитарлық кесу және жою мәселесі бойынша 300-ге жуық өтініш түскен. Барлық өтінімдер орындалған. Қазіргі уақытта 50 мекенжай бойынша жұмыс атқарылуда.
"Жыл басынан бері "Oasis PV" ЖШС мердігер ұйымы 2021 жылға арналған өтінімдерді және қаланы айналып өту кезінде анықталған апатты ағаштарды есепке алғанда 2 мыңға жуық өтініш бойынша жұмыс істеген. Сондай-ақ жол техникалық инспекциясы тобымен бірлесіп, жол қозғалысына қатысушылар үшін жол белгілері мен бағдаршамдарды көруге кедергі болатын ағаштар мен бұталарды кесті", - дейді бөлімде.
Айта кетерлігі, тұрғындар апаттық жағдайда тұрған ағаштар туралы 109 қызметіне немесе ТҮКШ бөліміне хабарлай алады.