https://sputnik.kz/20220809/oblys-akimi-belsendilerdi-deputat-26610450.html
Облыс әкімі белсенділерді депутаттыққа тартпақ
Облыс әкімі белсенділерді депутаттыққа тартпақ
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин халықпен кездесудің жаңа форматы несімен тиімді болғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik... 09.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-09T13:50+0500
2022-08-09T13:50+0500
2022-08-10T08:39+0500
облыс
әкім
депутат
https://sputnik.kz/img/07e6/04/06/24028442_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_49a70cc08f944b5c1e3e8f5a5ab55605.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин халықпен кездесудің жаңа форматы несімен тиімді болғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Биылдан бастап президенттің арнайы жарлығымен министрлер мен әкімдер халықпен кездесудің жаңа форматына көшті. Оған сәйкес, басшылар шалғай жатқан ауылға дейін барып, елдің мұң-мұқтажымен танысуға міндетті. Соның нәтижесінде өзекті деген мәселелер шешіледі деген жоспар бар. Үкіметтің бүгінгі отырысында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин жаңа форматтағы кездесулердің тағы бірнеше тиімді тұстарын атап берді. Оның айтуынша, халық сахнасыз және трибунасыз өтіп жатқан жиналыстарды жақсы қабылдап жатыр. Ал өңірлерде белсенді азаматтар көбейді. "Осы жылдың басынан бері қоғам белсенділігі біраз жоғарылады. Бұл өз кезегінде жергілікті маңызды бар мәселелерді шешуге ықпал етіп, әлеуметтік шиеленістерді төмендетуге мүмкіндік берді. Екіншіден, өңірлердің, аймақтардың, тіпті, әрбір тұрғын үй алқаптарының маңызды проблемаларын анықтауға жағдай жасады. Үшіншіден, тұрғындар арасында бұрын-соңды байқалмаған пікір көшбасшыларының, белсенді азаматтардың іріктелуіне мүмкіндік берді", - деді Оразалин үкімет отырысында. Оның ойынша, қоғамдық кеңеске, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, тіпті, депутаттыққа белсенділерді тартуға болады. Себебі олар тұрғындардың қолдауына ие.Айта кетері, бүгін ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жаңа жарлықты орындау бойынша талдаудың нәтижесін жариялады. Оған сәйкес, министрлер мен әкімдердің бірқатар кемшілігі анықталды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/06/24028442_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_9f1636382b6652730405ba65a30a5bb1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
облыс, әкім, депутат
Облыс әкімі белсенділерді депутаттыққа тартпақ
13:50 09.08.2022 (жаңартылды: 08:39 10.08.2022) НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин халықпен кездесудің жаңа форматы несімен тиімді болғанын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Биылдан бастап президенттің арнайы жарлығымен министрлер мен әкімдер халықпен кездесудің жаңа форматына көшті. Оған сәйкес, басшылар шалғай жатқан ауылға дейін барып, елдің мұң-мұқтажымен танысуға міндетті. Соның нәтижесінде өзекті деген мәселелер шешіледі деген жоспар бар.
Үкіметтің бүгінгі отырысында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин жаңа форматтағы кездесулердің тағы бірнеше тиімді тұстарын атап берді. Оның айтуынша, халық сахнасыз және трибунасыз өтіп жатқан жиналыстарды жақсы қабылдап жатыр. Ал өңірлерде белсенді азаматтар көбейді.
"Осы жылдың басынан бері қоғам белсенділігі біраз жоғарылады. Бұл өз кезегінде жергілікті маңызды бар мәселелерді шешуге ықпал етіп, әлеуметтік шиеленістерді төмендетуге мүмкіндік берді. Екіншіден, өңірлердің, аймақтардың, тіпті, әрбір тұрғын үй алқаптарының маңызды проблемаларын анықтауға жағдай жасады. Үшіншіден, тұрғындар арасында бұрын-соңды байқалмаған пікір көшбасшыларының, белсенді азаматтардың іріктелуіне мүмкіндік берді", - деді Оразалин үкімет отырысында.
Оның ойынша, қоғамдық кеңеске, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, тіпті, депутаттыққа белсенділерді тартуға болады. Себебі олар тұрғындардың қолдауына ие.
Айта кетері, бүгін ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жаңа жарлықты орындау бойынша талдаудың нәтижесін жариялады. Оған сәйкес, министрлер мен әкімдердің бірқатар
кемшілігі анықталды.