Найзағай, жаңбыр: синоптиктер 10 тамыздағы ауа райын болжады

© Sputnik / Владислав ВодневВиды столица Казахстана - города Нур-Султан осенью
Виды столица Казахстана - города Нур-Султан осенью - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Қазгидромет 10 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен еліміздің орталығында, солтүстігінде және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. Найзағай, екпінді жел күтіледі, күндіз уақыттарда бұршақ және оңтүстік-шығысында дауыл болуы ықтимал.
Республиканың солтүстігінде түнде және таңертең тұман, оңтүстігінде түнде және таңертең шаңды дауыл күтіледі.
Қарағанды облысының басым бөлігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Павлодар облысының оңтүстігінде Жамбыл облысының таулы аудандарында, Алматы облысында қатты жаңбыр күтіледі.
Күндіз Атырау облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, қатты ыстық сақталады, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысының басым бөлігінде Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында тқтенше өрте қаупі сақталады.
Жаңалықтар
0