https://sputnik.kz/20220809/aqtau-qalasy-akim-sogis-26616097.html
Ақтау қаласының әкімі сөгіс алды
Ақтау қаласының әкімі сөгіс алды
Sputnik Қазақстан
Тұрғындар тұрмыстық қалдықтардың уақытында шығарылмауына қатысты өз наразылықтарын білдіріп жатыр 09.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-09T17:22+0500
2022-08-09T17:22+0500
2023-08-10T16:53+0500
өңірлер
әкім
сөгіс
ақтау
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/01/18288562_0:0:3641:2048_1920x0_80_0_0_1b091a1303f70084ff5909a99db39b60.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Ақтау қаласының әкіміне сөгіс жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін аппараттық кеңесте облыстағы қатты тұрмыстық қалдықтар шығару және санитарлық тазалық мәселесі қаралды. Маңғыстаудың тарихи-мәдени және табиғаты көрікті жерлерін туристер де, жергілікті тұрғындар да ластап жүр. Соңғы кезде халық тарапынан қоқыстың жиналуына қатысты шағымдардың саны да айтарлықтай өсті. Әсіресе, Ақтау қаласына жақын Мұнайлы мен Түпқараған ауданындарына қарасты Ақшұқыр ауылының тұрғындары тұрмыстық қалдықтардың уақытында шығарылмауына қатысты өз наразылықтарын білдіріп жатыр. Ноғаев жұмысты дұрыс ұйымдастырмағаны үшін Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбайға, оның орынбасары мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысына сөгіс жариялады.
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/01/18288562_455:0:3186:2048_1920x0_80_0_0_a77b05a363f0b88d0b01f682574162fc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әкім, сөгіс, ақтау
Ақтау қаласының әкімі сөгіс алды
17:22 09.08.2022 (жаңартылды: 16:53 10.08.2023) Тұрғындар тұрмыстық қалдықтардың уақытында шығарылмауына қатысты өз наразылықтарын білдіріп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Ақтау қаласының әкіміне сөгіс жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін аппараттық кеңесте облыстағы қатты тұрмыстық қалдықтар шығару және санитарлық тазалық мәселесі қаралды. Маңғыстаудың тарихи-мәдени және табиғаты көрікті жерлерін туристер де, жергілікті тұрғындар да ластап жүр. Соңғы кезде халық тарапынан қоқыстың жиналуына қатысты шағымдардың саны да айтарлықтай өсті.
Әсіресе, Ақтау қаласына жақын Мұнайлы мен Түпқараған ауданындарына қарасты Ақшұқыр ауылының тұрғындары тұрмыстық қалдықтардың уақытында шығарылмауына қатысты өз наразылықтарын білдіріп жатыр.
"Елді мекендердің санитарлық жағдайы алаңдатарлық мәселе. Ақтау қаласының ластануына жол беруге болмайды. Tелеграм чатқа түсетін шағымдардың көпшілігі қоқыс жинау және шығару мәселесімен байланысты. Қалдықтарды уақтылы жинамау қаланың көркі мен тұрғындардың денсаулығына кері әсерін тигізеді. Бұл қала әкімі жұмысының дұрыс ұйымдастырылмауының нәтижесі", - деді облыс басшысы.
Ноғаев жұмысты дұрыс ұйымдастырмағаны үшін Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбайға, оның орынбасары мен тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысына сөгіс жариялады.