Алаяқтар министрдің атын жамылып елден ақша талап еткен

© Sputnik / Владислав ВодневКаирбек Ускенбаев
Каирбек Ускенбаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.08.2022
Жазылу
Сонымен қатар алаяқтар басшылық лауазымға тағайындау үрдісі көп уақытты талап ететінін ескертіп, жедел жауап беруді сұраған
НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев алаяқтарға тап болғаны туралы мәлімдеді.
Оның айтуынша, біреулер министрдің атын жамылып, басшылық қызметке тағайындау үшін елден ақша сұрап жүр.
"Достар! Қазіргі таңда алаяқтардың әртүрлі амал-тәсілдері көбейіп кетті. Әлбетте, кез келген адам олардың арбауына оңай түсіп қалуы мүмкін. Мәселен, кешеден бері кейбір әріптестеріме "менің атымнан" бейтаныс адам хабарласып, басшылық қызметке тағайындау бойынша ұсыныс жасап, аталған ұсыныстан бас тартқан жағдайда және белгілі бір сома бермесе істеп жүрген жұмысынан шығарылатынын алға тартқан. Сонымен қатар алаяқтар басшылық лауазымға тағайындау үрдісі көп уақытты талап ететінін ескертіп, жедел жауап беруді сұраған", - деп жазады Қайырбек Өскенбаев Telegram арнасында.
Министр алаяқтардан сақ болуға шақырды.
"Осы ретте басшылық лауазымдарға тағайындау қоңырау шалу арқылы емес, алдымен конкурстық іріктеу негізінде, одан кейін тиісті уәкілетті органдармен келісу бойынша жүзеге асырылатынын ерекше атап өткім келеді. Егер сіз осындай жағдайға тап болсаңыз, маған жеке хабарлама жолдауларыңызға болады немесе индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз хатшысына хабарласа аласыз", - дейді министр.
Жаңалықтар
0