WhatsApp және Telegram арқылы жұмыс істеген қаржы пирамидасы анықталды

© Sputnik / Абзал КалиевФинансовая пирамида, иллюстративное фото
Финансовая пирамида, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында WhatsApp және Telegram арқылы қаржы пирамидасын ұйымдастыру бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қаржы мониторингі агенттігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, "BINCLOUD" деп аталатын қаржы пирамидасы халықтың ақшасын мессенджерлер арқылы жинаған.
"BINCLOUD" бағдарламасына сәйкес жеке тұлғалар белгілі бір қаражатқа виртуалды майнинг жабдығын жалға алып, одан күн сайын салынған соманың 5-6% мөлшерінде инвестициялық табыс табады. Сонымен қатар кіріс қаражатын шығару кезінде клиенттерден қаржы пирамидасын ұйымдастырушылардың пайдасына жалпы қаражаттың 16% ұсталады", - дейді агенттік мамандары.
Бұл қаржы пирамидасы да жаңа клиенттерді көптеп тартуды көздеді. Әдетте пирамида құрылтайшысы айтарлықтай ақша жинағаннан кейін барлық төлемді тоқтатып, жоғалып кетеді.
Қаржы мониторингі агенттігі "BINCLOUD" бағдарламасынан зардап шеккен адамдарды аумақтық департаменттерге немесе сенім телефоны арқылы хабарласуды сұрайды.
Жаңалықтар
0