Вьетнамға рейстер қыркүйекте қайта іске қосылады – Азаматтық авиация комитеті

© Sputnik / Владислав ВодневҰшақ
Ұшақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Вьетнамның авиация билігімен бірлесіп, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы тұрақты жолаушылар рейсін қалпына келтіру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, деп хабарлады азаматтық авиация комитетіндегілер.

"Вьетнамның ірі Vietjet Air әуе компаниясы биыл қыркүйек айының соңынан бастап Airbus А-330 тектес әуе көліктерімен Камрань – Нұр-Сұлтан және Камрань – Алматы бағыттары бойынша аптасына екі-үш рет тұрақты жолаушылар рейсін орындайды", – деп түсіндірді Азаматтық авиация комитетінде.

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы әуе қатынасының қайта жандануы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуды жеделдететіні атап өтілді.
Vietjet Air - 2007 жылы ұшуларды орындай бастаған вьетнамдық төмен бюджетті әуе тасымалдаушы компания. Әуе компаниясы 19-дан астам бағыт бойынша 10 елге (Сингапур, Малайзия, Мьянма, Индонезия, Камбоджа, Тайвань, Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония және Үндістан) халықаралық рейстерді орындайды. Әуе компаниясының паркінде Airbus A320, A321, A321neo, A330 тектес 78 ұшақ бар.
Жаңалықтар
0