Нұр-Сұлтанда жаңбырдан кейін университет ғимаратын су басты

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтандағы Astana IT University ғимаратын қатты нөсерден кейін су басты.
Оқиға орнында түсірілген видео елорда паблигінде жарияланды. Онда төбеден су сорғалап жатқаны көрініп тұр.
"ЭКСПО-дағы Astana IT University университетінде оқу күні осылай басталды", - делінген видеоның сипаттамасында.
Сондай-ақ Нұр-Сұлтанның бірқатар көшесін, атап айтқанда Кенесары көшесін су басты.
Еске салайық, кеше Нұр-Сұлтан қаласының төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК мәліметіне сүйеніп, 8 тамызда күндіз қатты жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнайтынын хабарлаған болатын.
Жаңалықтар
0