https://sputnik.kz/20220808/nitratsyz-ari-damdi-qarbyzdy-qalay-tandagan-zhon-26585829.html
Нитратсыз әрі дәмді қарбызды қалай таңдаған жөн – маман пікірі
Нитратсыз әрі дәмді қарбызды қалай таңдаған жөн – маман пікірі
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 8 тамыз – Sputnik. Қарбыз маусымы басталып кетті. Базар мен дүкенде қарбыздың түр-түрі тұр. Бірақ оның ішінен дәмдісін, ең бастысы пайдалысын... 08.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-08T14:05+0500
2022-08-08T14:05+0500
2022-08-08T14:05+0500
қарбыз
https://sputnik.kz/img/668/51/6685177_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_9d6a3b22ed6d4c7bee9446b97b57c21a.jpg
АЛМАТЫ, 8 тамыз – Sputnik. Қарбыз маусымы басталып кетті. Базар мен дүкенде қарбыздың түр-түрі тұр. Бірақ оның ішінен дәмдісін, ең бастысы пайдалысын, нитратсыз өскенін қалай таңдап аламыз? Маңыздысы сол. Sputnik Қазақстан тілшісі қарбызды қалай дұрыс таңдау керек екенін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің маманы Әлия Шагиахметтен сұрап білді.Маманның айтуынша, қазіргі уақытта бақша дақылдары (қарбыз, қауын) көп сатылып жатыр. Қарбыз бен қауынды базарларда, ірі дүкендерде және арнайы белгіленген жерлерден ғана сатып алу қажет. Онда міндетті түрде ведомстволық зертханалар нитрат мөлшеріне зертханалық бақылау жасайды."Өнімді уақытша жұмыс істейтін жерден сатып алмаңыз. Департамент сауда, қоғамдық тамақтану объектілерін тексеру барысында 448 өсімдік шаруашылығының өнімі іріктеліп, нитраттар мен пестицидтердің мөлшері зерттелді. Оның ішінде 51 сынамада (лимон, ананас, сарымсақ, апельсин, қарбыз, қауын, шие, өрік және қара өрік) нитрат жоғары екені анықталды. Олар – Қазақстан, Қытай, Өзбекстан елдерінің өндірушілерінен алынған өнімдер", – дейді маман.Ал құрамында нитраты жоғары өнімге қатысты шектеу шаралары, соның ішінде шаруашылық жүргізуші субъектілерге әкімшілік шаралар қабылданды.Әлия Шагиахметтің айтуынша, адам ағзасына түсетін нитраттар нитриттерге, яғни біздің денсаулығымыз үшін қауіпті уға айналады. Нитраттармен уланудың негізгі белгілеріне:"Қарбыздың өсуін тездететін заттар мен азот-фосфор тыңайтқыштар жиі қолданылады. Қарбыздағы нитраттардың рұқсат етілген дозасы – 60 мг/кг. Нитраттардың өздері ағзаға қатты қауіп төндірмейді, бірақ ферменттер мен микрофлораның әсерінен ішекке еніп, олар гемоглобиннің уы болып табылатын нитриттерге айналады. Қанға бір рет олар гемоглобинді оттегі мен көмірқышқыл газын тасымалдай алмайтын метгемоглобинге айналдырады. Оның қандағы үлесі 30%-ке жеткенде жедел улану белгілері, тұншығу, тахикардия, бастың артқы жағындағы ауырсыну, әлсіздік пайда болады, қан қысымы төмендейді", – деген маман сатып алу кезінде назар аудару қажет белгілерді атады.Маман қарбызды сатып алу кезінде тілім жасамауға кеңес берді. Өйткені лас қарбыз, сатушының лас қолы, лас пышақ – ішек инфекциясын жұқтыруға әкеледі. Одан бөлек:Қолданар алдында қарбыз бен қауынды ағынды сумен жуу керек.Қарбыз "табиғи" жағдайда өсіп, жидектің бір жағында сары дақты көрсету керек. Бұл оның өсуін жылдамдатпағанын және ол бір жерде ұзақ уақыт жатқандығын көрсетеді.Қысылған кезде қарбыз жарылуы керек. Жолақтар анық және жарқын болуға тиіс.Табиғи қарбызда жұмсағы жармасының кесіндісі аясында бөлінеді. Ал нитратты қарбыз кесіндісі мінсіз және тегіс болады.Егер қарбыздың жұмсағында ақ немесе сары тамыршықтары болса, онда бұл қарбыз зиянды заттарды қолдану арқылы өсірілгенін білдіреді.Бақша дақылдарын сатып алу кезінде мұқият қараңыз.Сатып алу алдында өсімдік шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін растайтын құжаттарды, яғни сәйкестік декларациясын сұраңыз."Піскен қарбыздың қабығы қара-жасыл және тығыз болады. Оны тырнақпен батырып, тесіп шығу мүмкін емес. Бірақ егер жеміс бақшадан мерзімінен бұрын жұлынып алынса және қабығы тығыздыққа ие болып үлгермейді. Сол себептен оның сыртында тырнақтың ізін қалдыру оңайға соғады. Жемістің құйрығы құрғақ, жасыл болмауы керек", - деп атап өтті Әлия Шагиахмет.Оның пікірінше піскен әрі дәмді қарбызды таңдау оңай іс емес. Келесі факторларға баса мән беру қажет.Айтуынша, ең дәмді қарбыз – "қыз" қарбыз. "Ұл" қарбызын "қыздан" қалай ажыратуға болады? "Ұл" қарбызында құйрықтың қарама-қарсы жағындағы түбі дөңес, ал шеңбері кішкентай. "Қыздарда" төменгі жағы тегіс, ал шеңбері кең болып келеді."Көшеде, трассада тұрған қарбызды алуға болмайды. Өйткені көліктің түтіні қарбыздың қабығына қатып тұрып қалады да, адамды улауы мүмкін. Сондай-ақ стихиялық базарлардан да сатып алмаңыз. Бақша өнімдерін сатуға арналған орын күн мен жаңбырдан сенімді қорғалуы керек. Сату нүктесі шатырдың астында, ал қарбыз арнайы табандықта сақталуға тиіс. Одан бөлек сатушыда тауарға сертификат болуы міндетті", – деп қорытындылады маман.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Еңлік Арықбай
https://sputnik.kz/img/07e6/06/02/25244741_0:0:1674:1675_100x100_80_0_0_ae4f3d2db8821c59bb810ef96d918a9c.jpg
Еңлік Арықбай
https://sputnik.kz/img/07e6/06/02/25244741_0:0:1674:1675_100x100_80_0_0_ae4f3d2db8821c59bb810ef96d918a9c.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/668/51/6685177_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_382d3b28c746e789d9dbee5f3ced7e5c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Еңлік Арықбай
https://sputnik.kz/img/07e6/06/02/25244741_0:0:1674:1675_100x100_80_0_0_ae4f3d2db8821c59bb810ef96d918a9c.jpg
қарбыз
АЛМАТЫ, 8 тамыз – Sputnik. Қарбыз маусымы басталып кетті. Базар мен дүкенде қарбыздың түр-түрі тұр. Бірақ оның ішінен дәмдісін, ең бастысы пайдалысын, нитратсыз өскенін қалай таңдап аламыз? Маңыздысы сол. Sputnik Қазақстан тілшісі қарбызды қалай дұрыс таңдау керек екенін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің маманы Әлия Шагиахметтен сұрап білді.
Маманның айтуынша, қазіргі уақытта бақша дақылдары (қарбыз, қауын) көп сатылып жатыр. Қарбыз бен қауынды базарларда, ірі дүкендерде және арнайы белгіленген жерлерден ғана сатып алу қажет. Онда міндетті түрде ведомстволық зертханалар нитрат мөлшеріне зертханалық бақылау жасайды.
"Өнімді уақытша жұмыс істейтін жерден сатып алмаңыз. Департамент сауда, қоғамдық тамақтану объектілерін тексеру барысында 448 өсімдік шаруашылығының өнімі іріктеліп, нитраттар мен пестицидтердің мөлшері зерттелді. Оның ішінде 51 сынамада (лимон, ананас, сарымсақ, апельсин, қарбыз, қауын, шие, өрік және қара өрік) нитрат жоғары екені анықталды. Олар – Қазақстан, Қытай, Өзбекстан елдерінің өндірушілерінен алынған өнімдер", – дейді маман.
Ал құрамында нитраты жоғары өнімге қатысты шектеу шаралары, соның ішінде шаруашылық жүргізуші субъектілерге әкімшілік шаралар қабылданды.
Әлия Шагиахметтің айтуынша, адам ағзасына түсетін нитраттар нитриттерге, яғни біздің денсаулығымыз үшін қауіпті уға айналады. Нитраттармен уланудың негізгі белгілеріне:
оң қабырға астындағы спастикалық ауырсыну;
артериялық қысымның төмендеуі;
ауаның жетіспеуі, ентігу жатады.
"Қарбыздың өсуін тездететін заттар мен азот-фосфор тыңайтқыштар жиі қолданылады. Қарбыздағы нитраттардың рұқсат етілген дозасы – 60 мг/кг. Нитраттардың өздері ағзаға қатты қауіп төндірмейді, бірақ ферменттер мен микрофлораның әсерінен ішекке еніп, олар гемоглобиннің уы болып табылатын нитриттерге айналады. Қанға бір рет олар гемоглобинді оттегі мен көмірқышқыл газын тасымалдай алмайтын метгемоглобинге айналдырады. Оның қандағы үлесі 30%-ке жеткенде жедел улану белгілері, тұншығу, тахикардия, бастың артқы жағындағы ауырсыну, әлсіздік пайда болады, қан қысымы төмендейді", – деген маман сатып алу кезінде назар аудару қажет белгілерді атады.
Маман қарбызды сатып алу кезінде тілім жасамауға кеңес берді. Өйткені лас қарбыз, сатушының лас қолы, лас пышақ – ішек инфекциясын жұқтыруға әкеледі. Одан бөлек:
Қолданар алдында қарбыз бен қауынды ағынды сумен жуу керек.
Қарбыз "табиғи" жағдайда өсіп, жидектің бір жағында сары дақты көрсету керек. Бұл оның өсуін жылдамдатпағанын және ол бір жерде ұзақ уақыт жатқандығын көрсетеді.
Қысылған кезде қарбыз жарылуы керек. Жолақтар анық және жарқын болуға тиіс.
Табиғи қарбызда жұмсағы жармасының кесіндісі аясында бөлінеді. Ал нитратты қарбыз кесіндісі мінсіз және тегіс болады.
Егер қарбыздың жұмсағында ақ немесе сары тамыршықтары болса, онда бұл қарбыз зиянды заттарды қолдану арқылы өсірілгенін білдіреді.
Бақша дақылдарын сатып алу кезінде мұқият қараңыз.
Сатып алу алдында өсімдік шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігін растайтын құжаттарды, яғни сәйкестік декларациясын сұраңыз.
"Піскен қарбыздың қабығы қара-жасыл және тығыз болады. Оны тырнақпен батырып, тесіп шығу мүмкін емес. Бірақ егер жеміс бақшадан мерзімінен бұрын жұлынып алынса және қабығы тығыздыққа ие болып үлгермейді. Сол себептен оның сыртында тырнақтың ізін қалдыру оңайға соғады. Жемістің құйрығы құрғақ, жасыл болмауы керек", - деп атап өтті Әлия Шагиахмет.
Оның пікірінше піскен әрі дәмді қарбызды таңдау оңай іс емес. Келесі факторларға баса мән беру қажет.
жұмсағының түсі мен құрылымы;
Айтуынша, ең дәмді қарбыз – "қыз" қарбыз. "Ұл" қарбызын "қыздан" қалай ажыратуға болады? "Ұл" қарбызында құйрықтың қарама-қарсы жағындағы түбі дөңес, ал шеңбері кішкентай. "Қыздарда" төменгі жағы тегіс, ал шеңбері кең болып келеді.
"Көшеде, трассада тұрған қарбызды алуға болмайды. Өйткені көліктің түтіні қарбыздың қабығына қатып тұрып қалады да, адамды улауы мүмкін. Сондай-ақ стихиялық базарлардан да сатып алмаңыз. Бақша өнімдерін сатуға арналған орын күн мен жаңбырдан сенімді қорғалуы керек. Сату нүктесі шатырдың астында, ал қарбыз арнайы табандықта сақталуға тиіс. Одан бөлек сатушыда тауарға сертификат болуы міндетті", – деп қорытындылады маман.