https://sputnik.kz/20220808/birzholgy-zeynetaqy-tolemderinin-ortasha-somasy-26593498.html
Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы 2,4 млн теңгені құрады – БЖЗҚ
Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы 2,4 млн теңгені құрады – БЖЗҚ
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге және емделуге пайдалануға 1,7 миллионнан астам өтінішті қарастырды, деп хабарлады бірыңғай... 08.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-08T16:08+0500
2022-08-08T16:08+0500
2022-08-08T16:08+0500
экономика
зейнетақы
https://sputnik.kz/img/639/76/6397616_0:0:1499:844_1920x0_80_0_0_1a15f89c4e32c279073b5fc7163ce170.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге және емделуге пайдалануға 1,7 миллионнан астам өтінішті қарастырды, деп хабарлады бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметі. Өтініштердің ең көбі Алматы қаласының (17,60%), Нұр-Сұлтан қаласының (14,03%), Маңғыстау облысының (10,35%) тұрғындары тарапынан жолданған. Ведомство мәліметінше, уәкілетті операторлардан салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына шамамен 450,6 миллиард теңге қаражат қайтарылды. Себебі, сұраным иесінің өтініші және өзге де себептермен қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдаланбаған. Сонымен қатар БЖЗҚ емделуге берілген 302,5 миллиард теңгеге 388 824 өтінішті орындады. Бұл ретте алуға болатын орташа сома шамамен 0,8 миллион теңге. Сонымен қатар, салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы шотына "Отбасы банкінен" 31,3 миллиард теңге қайтарылды, бұл қаражат өтініш берушінің қалауы немесе өзге де себептер бойынша белгіленген мерзімде пайдаланылмаған. Инвестициялық портфельді басқарушыларға 8,7 миллиард теңге аударылып, БЖЗҚ 5 877 өтінішті орындады. Аударымның орташа сомасы 1,5 миллион теңгені құрады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/639/76/6397616_11:0:1344:1000_1920x0_80_0_0_5e0aa9abb1d0bde35c66c007290d8366.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зейнетақы
НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге және емделуге пайдалануға 1,7 миллионнан астам өтінішті қарастырды, деп хабарлады бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметі.
Өтініштердің ең көбі Алматы қаласының (17,60%), Нұр-Сұлтан қаласының (14,03%), Маңғыстау облысының (10,35%) тұрғындары тарапынан жолданған.
"2022 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша 2021 жылдың қаңтарынан бері БЖЗҚ салымшылардың тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жинақталған зейнетақы қаражатын пайдалану туралы 1 328 015 өтінішін орындады. Уәкілетті оператор-банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 3,1 триллион теңгеден астам қаржы аударды. Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы – 2,4 миллион теңге", – деп хабарлады қордың баспасөз қызметі
Ведомство мәліметінше, уәкілетті операторлардан салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына шамамен 450,6 миллиард теңге қаражат қайтарылды. Себебі, сұраным иесінің өтініші және өзге де себептермен қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдаланбаған.
Сонымен қатар БЖЗҚ емделуге берілген 302,5 миллиард теңгеге 388 824 өтінішті орындады. Бұл ретте алуға болатын орташа сома шамамен 0,8 миллион теңге.
Сонымен қатар, салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы шотына "Отбасы банкінен" 31,3 миллиард теңге қайтарылды, бұл қаражат өтініш берушінің қалауы немесе өзге де себептер бойынша белгіленген мерзімде пайдаланылмаған.
Инвестициялық портфельді басқарушыларға 8,7 миллиард теңге аударылып, БЖЗҚ 5 877 өтінішті орындады. Аударымның орташа сомасы 1,5 миллион теңгені құрады.