Ақтөбедегі қоқыс полигонында өрт қайта басталды

© Sputnik / Андрей Стенин / Медиабанкке өтуҚоқыс полигонындағы өрт, архивтегі фото
Қоқыс полигонындағы өрт, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 8 тамыз – Sputnik. Ақтөбеде қоқыс полигоны қайта өртенді, деп хабарлады "Диапазон" газеті.
"Полигон тағы да өртеніп жатыр. Жел түтінді Батысқа қарай айдап әкетуде. Қазір онда өрт сөндірушілер жүр", - дейді "Актобе, дыши!" қозғалысының еріктісі Влад.
Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 7 тамыз күні кешке полигонның өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.
Ведомствоның мәліметінше, жалын 1000 шаршы метрге жуық аумақты шарпыған.
Полигондағы өрт әлі сөндіріліп жатыр. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Жаңалықтар
0