АҚШ-та Зеленскийге қатысты сын күшейді

© Sputnik / Алексей Никольский / Медиабанкке өтуПрезидент Украины Владимир Зеленский на пресс-конференции по итогам встречи в "Нормандском формате"
Президент Украины Владимир Зеленский на пресс-конференции по итогам встречи в Нормандском формате  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.08.2022
Жазылу
Ресей Украинада арнайы әскери операцияны бастағаннан кейін бірден Украина президенті Владимир Зеленскийді әлемдік БАҚ "екінші Черчилль" деп атап, оны батылдық пен ерліктің үлгісі ретінде насихаттады, деп жазды РИА Новости тілшісі.
Бірақ аяқ астынан барлығы өзгеріп шыға келді. Бұған дейін Зеленскийді мақтағандар – америкалық конгрессмендер, журналистер, тіпті құқық қорғаушылар оны өткір сынға ала бастады. Кейбір элита өкілдері Украинада фашистік көзқарасты ұстанатын "Азов"* жасағы туралы селсоқ талқылады.
МАГАТЭ басшысы украин әскері Запорожье облысындағы атом электр станциясына оқ атқанын атап өтіп, осыған қатысты алаңдаушылығымен бөлісті. Ал бұған дейін ол украин әскерилері жойқын апатты арандатуға тырысып жатқандарын көзге ілмей келген еді.
Бүкіл әлемге танымал Amnesty International ұйымы да пікір білдірді. Ұйымның құқық қорғаушылары өз баяндамаларында әскери техниканы тұрғын үйлерге, мектептер мен ауруханаларға орналастыру арқылы Украина халықаралық құқықты бұзып отырғанын баса айтты.
Бұған дейін батыстағы құқық қорғаушылар Зеленскийді "Украинаның азаматтық ер адамдары" атты азшылық топтың құқығын таптап отыр деп айыптады. Себебі бір ай бұрын Украина Бас штабының басшысы генерал Валерий Залужный резервистерге тұрғылықты мекенжайын тастап кетуге тыйым салатын бұйрыққа қол қойды.
Украиндер сол кезде жаппай шекараға лап қойды. Бірақ шекарашылар тек әйелдер мен балаларды ғана өткізді. Ер адамдардың шекарадан өтуіне қандай да бір мөр басылған анықтамалар да, бейбіт мақсатты қолдайтынының айғақтары да, азшылық топқа жататынын дәлелдеу әрекеті де көмектеспеді.
Foreign Policy басылымы бір жыныстық қарым-қатынастағы ер адамның оқиғасын жариялады да, осы тектес мақалалар Зеленский Украинадағы азаматтық ер адамдардың құқықтарын бұзып жатқанын аңғартты. Сондықтан Зеленский тез арада Залужный бекіткен бұйрықтың күшін жойды. Бірақ бұл жолы Зеленскийді отандасы Виктория Кульгейко-Спартц сынға алды. Украинаның Носовка қаласында туған ол 2000 жылы америкалық азаматқа тұрмысқа шығып, 2006 жылы АҚШ азаматтығын алған. Ол сяаси қызметке араласып, 2020 жылы республикашылдар атынан АҚШ конгресінің құрамына енді.
Бүгінде Кульгейко-Спартц конгресмендерді Киев америкалықтардың қаражатын жымқырып, жеткізіліп жатқан қару-жарақты сыртқа сатып жатыр деген уәжге сендіруге тырысып жатыр. Ол Зеленскийден "саясат ойынын доғарып, шынайы соғысқа кірісуді талап етті.
АҚШ ішінде Спартц "Украинаны екінші Ауғанстанға айналдыруға жол бермейік" деген ұранды насихаттап жатыр. Республикашылдар оны барынша қолдаса, демократтар сынға алуда. Дегенмен, билік етуші партия да оның сөздерін назарға алып отыр.
РИА Новости тілшісінің пікірінше, америкалықтарды бұл мәселені ашық және жария талқылауы қызық болып отыр. Себебі, Ауғанстанда ондаған жылға жалғасқан мұндай іс-қимылға ешкім назар аудармаған еді.
"Украина преезиденті Батыстағы БАҚ сипаттағандай адам екеніне күмәнім бар. Батыстық БАҚ Зеленский билік еткен кезде Украинадағы орыстарға қатысты жасалған зорлық-зомбылық туралы үн қатпай отыр. Ол Украинадағы азаматтық соғысты тоқтатуға уәде етті, бірақ қолынан келмеді", - деді Sky News жүргізушісі Кори Бернарди.
Мұның барлығы Зеленскийдің орнын басқа адаммен алмастыру үшін жасалып жатқан әрекеттер екені анық, дейді РИА Новости тілшісі. Бүгінде жоғарыда аталған генерал Залужный туралы батыстық БАҚ "Украинадағы қарсылықтың символы", "тарихи тұлға", "темір генерал" деп жазуды әдеттенген. Ал украиндық Vogue журналы генералмен бірге фотосессия өткізді.
Жалпы Зеленский мен Залужный арасында бұрыннан текетірес бар. Сондықтан бұйрығының күшін жойып, оған жария берген кезде Залужныйдың қандай күйде болғанын айтпаса да аңғаруға болады.
"Тарихта "екінші Черчилль" деп аталған тағы бір тұлға бар. Осыдан тура алпыс жыл бұрын Оңтүстік Вьетнамның отаршылдық әкімшілігін басқарған және америкалықтардың сенімді серіктесі Нго Динь Зьемді демократиялық вице-президент Линдон Джонсон солай атаған еді. Бірақ Нго Динь Зьемнің өмірі өте аянышты аяқталды. 1963 жылдың 2 қарашасында оны ұрлап әкеткендер Зьемді басына оқ атып өлтірді. Кейбір сарапшылар бұл і с-қимылға америкалық Орталық барлау қызметінің қатысы бар дегенді айтты", - деп жазды автор.
* Ресейде тыйым салынған террористік ұйым.
Жаңалықтар
0