https://sputnik.kz/20220807/zhedel-zhardem-taksi-auyl-26576136.html
Жедел жәрдем мен такси келмейді – оңтүстікте ауыл тұрғындары тасжолды жауып тастады
Жедел жәрдем мен такси келмейді – оңтүстікте ауыл тұрғындары тасжолды жауып тастады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз — Sputnik. Алматы облысына қарасты Жамбыл ауылының тұрғындары ауылдағы негізгі көшелердің бірі – Бейбітшілік көшесіне жөндеу жүргізілуін... 07.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-07T13:06+0500
2022-08-07T13:06+0500
2022-08-07T13:06+0500
өңірлер
ауыл
тас жол
https://sputnik.kz/img/07e6/01/1a/19221872_0:97:1024:673_1920x0_80_0_0_635f871bbb47a0f8ce19fd7be0a500a0.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз — Sputnik. Алматы облысына қарасты Жамбыл ауылының тұрғындары ауылдағы негізгі көшелердің бірі – Бейбітшілік көшесіне жөндеу жүргізілуін талап етіп, тасжолды жауып тастады. Жолдың сапасыздығынан Бейбітшілік көшесі арқылы жедел жәрдем де, басқа қызмет түрлері де өте алмайды. "Лай және балшық. Баламен арбамен тіпті дүкенге бара алмайсың. Дөңгелектері тіреліп қалады, ары-бері итергенге қолың талады. Көліктер болса жүрмейді. Таңнан жұмысқа кешігіп барамыз. Балалар болса, сабаққа тізесіне дейін балшық кешіп жетеді. Тек аяқкиімдері ғана емес, күртешелері, сөмкелері де батпақ болады. Тайғанақтап, мектеп формасымен балшыққа құлайды. Үй алдында серуендеу туралы жақ та ашпаймыз. Таксистер болса қанша ақша ұсынсаң да біздің көшеге кіргілері келмейді", – деп жазды тұрғындардың бірі. Ауылдық округ әкімшілігі мәслихатқа тас жолды жөндеуге ұсыныс жібергенін айтты. Жобалау-сметалық құжаттамасы дайын. Келісім алғаннан кейін жөндеу жұмысы жүргізіледі. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңының 60-бабының 9-бөлігіне сәйкес автомобиль жолдарын жөндеуге бюджет қаражатын бөлу үшін жобалау-сметалық құжаттама қажет. Себебі ЖСҚ жөндеу жұмыстарының түрі мен құнын анықтайды. Бүгінде Жамбыл ауылының Бейбітшілік көшесінінің жобалау-сметалық құжаттамасы", - деп нақтылады әкімшілік. Жобалау-сметалық құжаттама негізінде өтініш Алматы облысы мәслихатының кезекті сессиясына жолданады. Жөндеу жұмыстары белгіленген қаржы бөлінгеннен кейін іске асады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/1a/19221872_0:0:1024:768_1920x0_80_0_0_0512eb2d37305544fb462c64b49b34f9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл, тас жол
НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз — Sputnik. Алматы облысына қарасты Жамбыл ауылының тұрғындары ауылдағы негізгі көшелердің бірі – Бейбітшілік көшесіне жөндеу жүргізілуін талап етіп, тасжолды жауып тастады.
Жолдың сапасыздығынан Бейбітшілік көшесі арқылы жедел жәрдем де, басқа қызмет түрлері де өте алмайды.
"Лай және балшық. Баламен арбамен тіпті дүкенге бара алмайсың. Дөңгелектері тіреліп қалады, ары-бері итергенге қолың талады. Көліктер болса жүрмейді. Таңнан жұмысқа кешігіп барамыз. Балалар болса, сабаққа тізесіне дейін балшық кешіп жетеді. Тек аяқкиімдері ғана емес, күртешелері, сөмкелері де батпақ болады. Тайғанақтап, мектеп формасымен балшыққа құлайды. Үй алдында серуендеу туралы жақ та ашпаймыз. Таксистер болса қанша ақша ұсынсаң да біздің көшеге кіргілері келмейді", – деп жазды тұрғындардың бірі.
Ауылдық округ әкімшілігі мәслихатқа тас жолды жөндеуге ұсыныс жібергенін айтты. Жобалау-сметалық құжаттамасы дайын. Келісім алғаннан кейін жөндеу жұмысы жүргізіледі.
"Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңының 60-бабының 9-бөлігіне сәйкес автомобиль жолдарын жөндеуге бюджет қаражатын бөлу үшін жобалау-сметалық құжаттама қажет. Себебі ЖСҚ жөндеу жұмыстарының түрі мен құнын анықтайды. Бүгінде Жамбыл ауылының Бейбітшілік көшесінінің жобалау-сметалық құжаттамасы", - деп нақтылады әкімшілік.
Жобалау-сметалық құжаттама негізінде өтініш Алматы облысы мәслихатының кезекті сессиясына жолданады. Жөндеу жұмыстары белгіленген қаржы бөлінгеннен кейін іске асады.