https://sputnik.kz/20220807/zhalgan-zhurgizushi-kualigimen-avtobus-26575849.html
Жалған жүргізуші куәлігімен автобус айдаған алматылық ұсталды
Жалған жүргізуші куәлігімен автобус айдаған алматылық ұсталды
Sputnik Қазақстан
Көлікті тоқтатқан сәтте ішінде 40-тан астам жолаушы болған 07.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-07T12:29+0500
2022-08-07T12:29+0500
2022-08-07T12:29+0500
автобус
жүргізуші
https://sputnik.kz/img/07e5/08/18/17936449_0:156:3001:1844_1920x0_80_0_0_cca2b335f1beeecf784097d4433d5330.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз — Sputnik. Алматыда жалған құжатпен қоғамдық көлікті басқарған жүргізуші анықталды. Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізушіні бір жыл бұрын Әуезов департаменті көлік басқару құқығынан айырған. Алайда ер адам жалған жүргізуші куәлігін жасатқан, деп жазды Polisia.kz. "Құқық бұзушы 85-бағыттағы қоғамдық көлікті басқарып келе жатып, автовокзал маңындағы аялдамада ұсталды. Оның жеке басын тексеру кезінде жалған құжат пайдаланғаны анықталды. Сонымен қатар оған жолаушыларды тасымалдауға мүмкіндік беретін санаттар қосылған", – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Дәулет Сейітқұлов. Көлікті тоқтатқан сәтте ішінде 40-тан астам жолаушы болды. Заңды бұзған жүргізуші күн сайын жолға шығып, тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді. Аудандық полиция басқармасында жалған құжат жасау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізушіге және жүргізушінің жұмысы мен құжаттарын дұрыс қадағаламаған автопарк басшылығына қатысты әкімшілік шара қолданылды. Қоғамдық көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/08/18/17936449_166:0:2833:2000_1920x0_80_0_0_fd1f95b9502d644d903df17eac9498e9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
автобус, жүргізуші
Жалған жүргізуші куәлігімен автобус айдаған алматылық ұсталды
Көлікті тоқтатқан сәтте ішінде 40-тан астам жолаушы болған
НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз — Sputnik. Алматыда жалған құжатпен қоғамдық көлікті басқарған жүргізуші анықталды. Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізушіні бір жыл бұрын Әуезов департаменті көлік басқару құқығынан айырған.
Алайда ер адам жалған жүргізуші куәлігін жасатқан, деп жазды
Polisia.kz.
"Құқық бұзушы 85-бағыттағы қоғамдық көлікті басқарып келе жатып, автовокзал маңындағы аялдамада ұсталды. Оның жеке басын тексеру кезінде жалған құжат пайдаланғаны анықталды. Сонымен қатар оған жолаушыларды тасымалдауға мүмкіндік беретін санаттар қосылған", – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Дәулет Сейітқұлов.
Көлікті тоқтатқан сәтте ішінде 40-тан астам жолаушы болды. Заңды бұзған жүргізуші күн сайын жолға шығып, тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді.
Аудандық полиция басқармасында жалған құжат жасау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізушіге және жүргізушінің жұмысы мен құжаттарын дұрыс қадағаламаған автопарк басшылығына қатысты әкімшілік шара қолданылды. Қоғамдық көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.