Өңірлер

Павлодар облысында ер адам балағат сөз айтқан жасөспірімді ұрып тастады

© Sputnik / Абзал КалиевЖұдырық
Жұдырық - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2022
Жазылу
Ер адам да, жасөспірімінің ата-анасы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды
ПАВЛОДАР, 7 тамыз – Sputnik. Павлодар облысындағы ауылда ер адам өзін боқтаған жасөспірімді ұрып тастады, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
29 шілде күні Павлодар облысы Тереңкөл ауданына қарасты Песчаное ауылының кәмелеттік жасқа толмаған азаматы өзінің 56 жастағы туысына тіл тигізген. Болған жанжал салдарынан ер адам жасөспірімді соққының астына алған.
Салдарынан жасөпірім жарақат алып, медициналық көмекке жүгінді. Оқиғаның екі қатысушысы да полицияға шағым түсірді.
Аталған факті бойынша кәмелетке толмаған баланың ата-анасына қатысты Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 435-бабы ("кәмелетке толмаған адам жасаған ұсақ бұзақылық") бойынша әкімшілік іс жүргізу басталды. Ол 7 АЕК көлемінде (21 441 теңге немесе шамамен 45 доллар) әкімшілік айыппұл төлейді.
Туысына қатысты да осы кодекстің 73-2-бабы ("ұрып-соғу") бойынша әкімшілік іс қозғалды. Жаза 10 АЕК көлемінде (30 063 теңге немесе 64 АҚШ доллары) айыппұл салуды немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуды көздейді.
архив фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2022
Қоғам
Шымкент тұрғыны көшенің ортасында әйелін ұрды – видео
Жаңалықтар
0