Оқиға

Нұр-Сұлтанда "Арыстан" тұрғын үй кешені өртенді - видео

© ДЧС Нур-Султана"Арыстан" тұрғын үй кешені өртенді
Арыстан тұрғын үй кешені өртенді - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз - Sputnik. Сенбі күні кешке астанада ірі өрт болды. Төлебаев көшесі, 6 мекенжайы бойынша (Абылайхан даңғылы ауданы) "Арыстан" тұрғын үй кешені отқа оранды.
Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, өрт туралы ақпарат сағат 20.05-те түскен. Алғашқы өрт сөндірушілер оқиға орнына үш минуттан кейін жеткен.
Өрт құрылыс материалдары мен пластикалық бұйымдары бар қоймада басталған. Аумағы 25 шаршы метр болды. Өрт 20.32-де сөндірілді.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Жаңалықтар
0