Елордада Есіл бойындағы қоғамдық кеңістікті абаттандыру бойынша конкурс жарияланды

© Sputnik / Владислав ВодневНұр-Сұлтан келбеті
Нұр-Сұлтан келбеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз — Sputnik. Елордада Нұр-Сұлтандағы Есіл өзенінің бойындағы қоғамдық кеңістікті абаттандырудың үздік тұжырымдамасына конкурс жарияланды.
Конкурсқа қатысуға Қазақстанның сәулетшілері, ландшафтық дизайнерлері мен урбанистері шақырылады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.
Байқаудың негізгі мақсаты – Қазақстандағы түрлі конфессиялар мен ұлттар арасындағы ынтымақтастықты, достық пен бірлікті білдіретін табиғи-рекреациялық саябақ құру.
Эскиздік ұсыныстар 2022 жылдың 20 тамызына дейін "конкурс" белгісімен centerofurbanism@gmail.com электронды поштасына қабылданады. Жеңімпаз ақшалай сыйлық алады. Жұмыстарды әзірлеуге және ресімдеуге қойылатын талаптар мен тұжырымдамалық міндеттер @centerofurbanism парақшасындағы профильдегі сілтеме бойынша ұсынылған.
Жаңалықтар
0