Алматыда пәтерден әйел мен екі баланың мәйіті табылды

© Sputnik / Табылды КадырбековАдамның қолы
Адамның қолы - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз — Sputnik. Алматыда "Мамыр" шағынауданында пәтерлердің бірінде 34 жастағы әйел мен жеті және екі жасар екі баланың мәйіті табылды.
Алматы полиция департаментінің ақпаратына сәйкес, 6 тамыз күні жедел басқару орталығына бірден үш адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

"Мамыр" шағынауданындағы пәтерлердің бірінен 34 жастағы әйел мен оның 2015, 2020 жылы дүниеге келген екі баласының мәйіті табылды", - деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне департаментте.

Оқиға орнына тергеу-жедел тобы шықты. Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Арыстанғани Заппаров тергеу барысын жеке бақылауына алды.
Сот-медициналық зерттеу тағайындалды. Тергеу жұмыстарының барысы туралы қосымша хабарланады.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде жас әйел мен екі баланың денесін іссапардан оралған күйеуі тапты деген ақпарат тараған болатын.
Жаңалықтар
0