https://sputnik.kz/20220807/advokat-zhylqy-zhurgizushi-kualigi-26578358.html
Белгілі адвокат жылқыны басқан азаматты жүргізуші куәлігінен айыруды талап етті
Белгілі адвокат жылқыны басқан азаматты жүргізуші куәлігінен айыруды талап етті
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Белгілі қазақстандық адвокат Жангелді Сүлейменов көршісінің жылқысын көлігімен қасақана басқан Алматы облысы тұрғынының ісін... 07.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-07T17:10+0500
2022-08-07T17:10+0500
2022-08-07T17:10+0500
жылқы
https://sputnik.kz/img/07e6/04/0b/24139490_0:0:1600:900_1920x0_80_0_0_b93bb0acb25dc6b5baface494bdd31c1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Белгілі қазақстандық адвокат Жангелді Сүлейменов көршісінің жылқысын көлігімен қасақана басқан Алматы облысы тұрғынының ісін қайта қарауды талап етуде.Еске сала кетейік, оқиға 16 шілде күні болды. Ер адам жол талғамайтын көлігімен жануардың үстінен қасақана бірнеше рет өткен.Ер адамның бұл әрекетіне жылқының оның учаскесіне кіргені себеп болды. Полиция Қылмыстық кодекстің 316-бабы – "Жануарларға қатыгездік таныту" бойынша іс қозғады. Алайда 19 шілде күні тараптардың татуласуына байланысты іс тоқтатылды.Жангелді Сүлейманов бас прокуратураға істі 316-бап бойынша тоқтатудың заңсыз екені туралы арыз бергенін хабарлады. Оның өтініші облыстық прокуратураға, содан кейін аудандық прокуратураға жіберілді."Жақын күндері жауап алдым. Істі тоқтатқанын немесе тоқтатынын түсіндім. Өйткені 202-бап татуласуды қарастырады. Және бұл тағы да заңсыздық. Егер істі 316-бап бойынша ашып, кейін заңсыз түрде тоқтатса, онда бұл тоқтатудың күшін жойып, істі қайта қарап, ер адамды жазалау қажет. 202-бап бойынша не істесе де өздері білсін. Қаласа тоқтатсын, қаласа тоқтатпасын. Бастысы жануарға қатыгездік танытқаны үшін жауапкершілікке тарту керек", – деп түсіндірді адвокат.Сондай-ақ Сүлейманов жылқыны басқан ер адамды жүргізуші куәлігінен айыру қажет деген пікірде. Себебі болашақта ол осы қалпымен адамды да басуы мүмкін."Психикалық тұрғыдан денсаулығы дұрыс емес екені көрініп тұр. Себебі есі дұрыс адам учаскесіне кіріп кеткен жануардың үстінен ешқашан баспайды. Ал полиция бізде ерекше ғой. Керек кезінде істі бастамайды және тоқтатып тастайды. Немесе керісінше еш себепсіз жауапкершілікке тартуы мүмкін", – деп қорытындылады адвокат.Еске сала кетейік, жылқының үстінен қасақана көлікпен басқан видео қазақстандықтар арасында наразылық тудырған еді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/0b/24139490_130:0:1330:900_1920x0_80_0_0_539d6621598b474a6c534eb7c537aa30.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жылқы
НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Белгілі қазақстандық адвокат Жангелді Сүлейменов көршісінің жылқысын көлігімен қасақана басқан Алматы облысы тұрғынының ісін қайта қарауды талап етуде.
Еске сала кетейік, оқиға 16 шілде күні болды. Ер адам жол талғамайтын көлігімен жануардың үстінен қасақана бірнеше рет өткен.
Ер адамның бұл әрекетіне жылқының оның учаскесіне кіргені себеп болды. Полиция Қылмыстық кодекстің 316-бабы – "Жануарларға қатыгездік таныту" бойынша іс қозғады. Алайда 19 шілде күні тараптардың татуласуына байланысты іс тоқтатылды.
"Полиция барлығы заң жүзінде болғандай кейіп танытып, істі тергей алмайтындарын айтты. Қатыгездік танытқан ер адамды жауапкершілікке тарту мүмкін емес екен. Алайда қылмыстық кодекстің бұл бабы бойынша татуласуға болмайды. Себебі зардап шегуші қожайын емес, қоғам. Халықты тыныштандыру үшін полиция Қылмыстық кодекстің 202-бабы – мүлікке зиян келтіру бойынша жаңа іс бастады", – деп жазды әлеуметтік желіде адвокат.
Жангелді Сүлейманов бас прокуратураға істі 316-бап бойынша тоқтатудың заңсыз екені туралы арыз бергенін хабарлады. Оның өтініші облыстық прокуратураға, содан кейін аудандық прокуратураға жіберілді.
"Жақын күндері жауап алдым. Істі тоқтатқанын немесе тоқтатынын түсіндім. Өйткені 202-бап татуласуды қарастырады. Және бұл тағы да заңсыздық. Егер істі 316-бап бойынша ашып, кейін заңсыз түрде тоқтатса, онда бұл тоқтатудың күшін жойып, істі қайта қарап, ер адамды жазалау қажет. 202-бап бойынша не істесе де өздері білсін. Қаласа тоқтатсын, қаласа тоқтатпасын. Бастысы жануарға қатыгездік танытқаны үшін жауапкершілікке тарту керек", – деп түсіндірді адвокат.
Сондай-ақ Сүлейманов жылқыны басқан ер адамды жүргізуші куәлігінен айыру қажет деген пікірде. Себебі болашақта ол осы қалпымен адамды да басуы мүмкін.
"Психикалық тұрғыдан денсаулығы дұрыс емес екені көрініп тұр. Себебі есі дұрыс адам учаскесіне кіріп кеткен жануардың үстінен ешқашан баспайды. Ал полиция бізде ерекше ғой. Керек кезінде істі бастамайды және тоқтатып тастайды. Немесе керісінше еш себепсіз жауапкершілікке тартуы мүмкін", – деп қорытындылады адвокат.
Еске сала кетейік, жылқының үстінен қасақана көлікпен басқан видео қазақстандықтар арасында наразылық тудырған еді.