https://sputnik.kz/20220807/8-tamyzga-bolzham-26579032.html
Бұршақ, жаңбыр жауып, шаңды дауыл тұрады: синоптиктер 8 тамызға болжам жасады
Бұршақ, жаңбыр жауып, шаңды дауыл тұрады: синоптиктер 8 тамызға болжам жасады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Алдағы дүйсенбі, 8 тамызда Қазақстанның басым аумағында ауа райы құбылмалы болады. 07.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-07T19:50+0500
2022-08-07T19:50+0500
2022-08-07T19:50+0500
ауа райы болжамы
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0f/26148128_0:49:1280:769_1920x0_80_0_0_d6b7337826799bb5314c2462c0a569fe.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Алдағы дүйсенбі, 8 тамызда Қазақстанның басым аумағында ауа райы құбылмалы болады."Қазгидромет" РМК мәліметінше, республиканың оңтүстік жартысы мен солтүстігінде жаңбыр жауады, күндіз солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады, жел күшейеді.Күндіз бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін."Республиканың қалған бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз. Күндіз республиканың оңтүстігінде шаңды дауыл соғады", - делінген болжамда.Өңірлердегі ауа райыТаңертең және күндіз Қарағандының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз Ақмола облысының шығысында, Жамбыл, Түркістан облыстарының таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр.Күндіз Батыс Қазақстан облысында аптап ыстық болады, Атырау облысында қатты ыстық сақталады.Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.Ірі қалалардағы ауа райыАлдағы дүйсенбіде Нұр-Сұлтанда күн күркіреп, жаңбыр жауады, +24+26 жылы.Алматыда да күндіз ауа райы жауын-шашынды болады деп болжанып отыр, +31+33 градус ыстық.Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, +33+35 ыстық.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/0f/26148128_96:0:1185:817_1920x0_80_0_0_687c478494174ae1bd354be00f96042c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауа райы болжамы
НҰР-СҰЛТАН, 7 тамыз – Sputnik. Алдағы дүйсенбі, 8 тамызда Қазақстанның басым аумағында ауа райы құбылмалы болады.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, республиканың оңтүстік жартысы мен солтүстігінде жаңбыр жауады, күндіз солтүстікте және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында найзағай ойнап, нөсер жаңбыр жауады, жел күшейеді.
Күндіз бұршақ жауып, дауыл соғуы мүмкін.
"Республиканың қалған бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз. Күндіз республиканың оңтүстігінде шаңды дауыл соғады", - делінген болжамда.
Таңертең және күндіз Қарағандының батысында, солтүстігінде, шығысында, күндіз Ақмола облысының шығысында, Жамбыл, Түркістан облыстарының таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады деп болжанып отыр.
Күндіз Батыс Қазақстан облысында аптап ыстық болады, Атырау облысында қатты ыстық сақталады.
Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан облысының оңтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Алдағы дүйсенбіде Нұр-Сұлтанда күн күркіреп, жаңбыр жауады, +24+26 жылы.
Алматыда да күндіз ауа райы жауын-шашынды болады деп болжанып отыр, +31+33 градус ыстық.
Шымкентте күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, +33+35 ыстық.