Тоқаев Бибісара Асаубаеваны Азияның үздік шахматшысы атануымен құттықтады

© Photo : pixabay/jarmolukШахмат
Шахмат - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 6 тамыз — Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Бибісара Асаубаеваны ФИДЕ марапатымен және Азияның үздік шахматшысы атануымен құттықтады.
"Бибісара Асаубаева толағай табысқа қол жеткізді. ФИДЕ қазақстандық дарынды қызды Азияның үздік шахматшысы деп таныды. Қазақстан шахматшыларына үнемі қолдау көрсетіп келе жатқан президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жаңалықты назардан тыс қалдырған жоқ. Ол Бибісараны құттықтап, жаңа жетістіктер тіледі", - делінген мемлекет басшысының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Еске салсақ, Бибісара Асаубаеваға "Әйелдер арасында Азияның үздік шахматшысы – 2021" марапатын әлемнің 15-ші чемпионы Вишванатан Ананд тапсырды.
Бибісара Асаубаева - әйелдер арасындағы гроссмейстер, халықаралық шебер, 2021 жылы шахмат тарихындағы блиц бойынша ең жас әлем чемпионы. Ол – "Алтын Мангуст" және "Шапағат" ордендерінің иегері.
Айта кетері, Үндістанның Ченнай қаласында әлемдік шахмат олимпиадасы өтіп жатыр. Индиядағы әлемдік шахмат олимпиадасының жетінші кезеңінде Қазақстанның шахматтан ерлер командасы 11-ші орыннан 7-ші орынға көтерілсе, әйелдер командасы 14-ші орыннан 10-шы орынға көтерілді.
Шахмат - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2022
Спорт
Олимпиаданың ашылуында Қазақстан туы болмады - шахмат федерациясы жағдайды түсіндірді
Жаңалықтар
0