Сыртқы істер министрлігі Әзербайжанның Лондондағы елшілігіне жасалған шабуылды айыптады

© Photo : официальный аккаунт МИД Казахстана в FacebookҚазақстан сыртқы істер министрлігінің ғимараты
Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 6 тамыз – Sputnik. Қазақстан сыртқы істер министрлігі экстремистердің Әзербайжан елшілігіне жасаған шабуылына қатысты мәлімдеме жасады.

"Осы жылдың 4 тамызында Әзербайжан Республикасының Лондондағы елшілігіне экстремистердің шабуылына байланысты дипломатиялық өкілдіктер мен олардың персоналына қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісіне жол беруге болмайды деп санаймыз", - делінген министрліктің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Халықаралық құқықтың негіздері мен нормаларын бұзатын мұндай әрекеттер жалпыға бірдей айыпталады және оларды ұйымдастырушыларды жауапкершілікке тарту үшін мұқият тергеуді талап етеді
"Біз әзербайжан халқының төзімділігіне сенімдіміз және бауырлас мемлекет үшін қиын жағдайда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенімізді білдіреміз", - делінген мәлімдемеде.
Sputnik Әзербайжан сайты бұл оқиғаға байланысты барлық түркі мемлекеті Әзербайжанға қолдау білдіргенін хабарлады.
"Махди қызметшілерінің одағы" діни бірлестігінің негізін Кувейттің тумасы Ясир Әл-Хабиб қалаған. Әзербайжандық дереккөздердің хабарлауынша, ол сүнниттік діни догмаларға қарсы дөрекі пікірімен танымал болған, сол үшін діни экстремист деп танылған. Ясир Әл-Хабиб Ұлыбританиядан саяси баспана алды, оның жақтастары да осында тұрады.
Оқиға Таулы Қарабақтағы әзербайжан-армян қақтығысының шиеленісуіне байланысты болды.
Жаңалықтар
0