https://sputnik.kz/20220806/qostanay-oblysy-qaban-ayyppul-26562243.html
Қостанай облысында қабан аулаушыларға бірнеше миллион теңге айыппұл салынды
Қостанай облысында қабан аулаушыларға бірнеше миллион теңге айыппұл салынды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 6 тамыз – Sputnik. Әулиекөл аудандық сотында ерекше қорғалатын табиғи аумақта заңсыз аңшылық жасаған төрт адамға үкім шығарылды. Олар ірі көлемде шығын... 06.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-06T10:10+0500
2022-08-06T10:10+0500
2022-08-06T10:10+0500
қостанай облысы
айыппұл
https://sputnik.kz/img/1300/01/13000168_0:80:3073:1808_1920x0_80_0_0_db98572d856e9036514b6567c05e23d2.jpg
АЛМАТЫ, 6 тамыз – Sputnik. Әулиекөл аудандық сотында ерекше қорғалатын табиғи аумақта заңсыз аңшылық жасаған төрт адамға үкім шығарылды. Олар ірі көлемде шығын келтірген, деп хабарлады Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.Іс Қазақстан Қылмыстық кодексінің 337-бабы 4-бөлігінің 1,4-тармақтары бойынша қаралды.Сот күдіктілер 2 наурыз күні "Сарышығанақ" бөлімі аумағында алты жабайы шошқа атқаны анықталды. Ол "Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесіне қарайды.Қылмыстық әрекеттен қорыққа жалпы сомасы 13 783 500 теңге көлемінде материалдық залал келген.Сот талқылауы барысында айыпталушылар кінәсін мойындау туралы прокурормен процессуалдық келісім жасасты. Барлық сотталушы кінәсін мойындап, процессуалдық келісімді толық қолдады.Сот айыпталушылардың кінәсін толық мойындауын, шын жүректен өкінуін, жас балаларының болуын, келтірілген залалды толық көлемде өтегенін жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде қарастырды.Сот төрт жылға аң аулау құқығынан айыра отырып, әрқайсысына 2 000 АЕК (6 126 000 теңге) көлемінде айыппұл салды. Мемлекет кірісіне қарда жүретін көлік тәркіленді.Үкім заңды күшіне енген жоқ.
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1300/01/13000168_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_9b0bb735f46c15e707e71351b457689c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қостанай облысы, айыппұл
АЛМАТЫ, 6 тамыз – Sputnik. Әулиекөл аудандық сотында ерекше қорғалатын табиғи аумақта заңсыз аңшылық жасаған төрт адамға үкім шығарылды. Олар ірі көлемде шығын келтірген, деп хабарлады Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі.
Іс Қазақстан Қылмыстық кодексінің 337-бабы 4-бөлігінің 1,4-тармақтары бойынша қаралды.
Сот күдіктілер 2 наурыз күні "Сарышығанақ" бөлімі аумағында алты жабайы шошқа атқаны анықталды. Ол "Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесіне қарайды.
Қылмыстық әрекеттен қорыққа жалпы сомасы 13 783 500 теңге көлемінде материалдық залал келген.
Сот талқылауы барысында айыпталушылар кінәсін мойындау туралы прокурормен процессуалдық келісім жасасты. Барлық сотталушы кінәсін мойындап, процессуалдық келісімді толық қолдады.
Сот айыпталушылардың кінәсін толық мойындауын, шын жүректен өкінуін, жас балаларының болуын, келтірілген залалды толық көлемде өтегенін жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде қарастырды.
Сот төрт жылға аң аулау құқығынан айыра отырып, әрқайсысына 2 000 АЕК (6 126 000 теңге) көлемінде айыппұл салды. Мемлекет кірісіне қарда жүретін көлік тәркіленді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.