АҚШ-тың Қазақстандағы жаңа елшісі тағайындалды

© посольство США в КазахстанеДэниел Н. Розенблюм
Дэниел Н. Розенблюм - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.08.2022
Жазылу
Yandex newsTelegram
НҰР-СҰЛТАН, 6 тамыз – Sputnik. Дэниел Розенблюм АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі болып тағайындалды, деп хабарлады АҚШ елшілігінің баспасөз қызметі.
Дэниел Н.Розенблюмнің кандидатурасын Америка Құрама Штаттарының сенаты бекітті.
"Елші Розенблюмді құттықтаймыз! Біз сізбен осында кездесуді асыға күтеміз", - делінген хабарламада.
Розенблюм 2019 жылдан бері АҚШ-тың Өзбекстандағы елшісі қызметін атқарып келді.
Бұған дейін Қазақстандағы дипломатиялық өкілдіктің басшысы қызметін Джуди Куо уақытша атқарған болатын.
Жаңалықтар
0