Денсаулық

СК-Фармация басшысы пандемия кезіндегі дәрі тапшылығының себебін айтты

© Photo : Региональная служба коммуникаций Туркестанской областидәріхана
дәріхана - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Коронавирус пандемиясы кезінде қателіктер жіберіліп, дәрі-дәрмек жеткізуде кідіріс туындады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев мәлімдеді.
Оның айтуынша, коронавирус пандемиясына ешкім дайын болған жоқ.
"Ешқандай дәрі-дәрмектің болмауына келетін болсақ, ол кезде мұндай жағдайға ешкім дайын болмағанын айтқым келеді. Бізді жеке дәріханаларға қызмет көрсетеді деп жиі айтады. Бұл олай емес. Біз тек медициналық ұйымдарға қызмет көрсетеміз және осыған жауап береміз. Қалдық препараттар бойынша есеп жүргізіледі, яғни, толығымен, сондықтан бүгінде бұл мәселе ретке келтірілген. Ал пандемия кезінде, бәлкім, қандай да бір көлемнің басқа арнаға кетуі, қандай да бір кідірістер болған шығар, өйткені сұраныс 10 есе өсті", - деді "СК-Фармация" басшысы.
Оның айтуынша, кәсіпорын осы жағдайдан қорытынды шығарып, қалдықтардың есебін автоматтандырды, сатып алуларды электронды форматқа көшірді. Қазір медициналық ұйымдар тапсырысты түзіп, бірыңғай дистрибьютор медициналық ұйымдар мен қоймалардағы қалдықтар туралы мәліметтерді ескере отырып, сатып алуға тапсырыс деректерін біріктіреді.
Бұл ретте медициналық ұйымдарда, бірыңғай дистрибьютордың қоймаларында және жабдықтаушыларда әрқашан бекітілген ең төменгі қалдық деңгейі болады. Сатып алынатын дәрі-дәрмектің жалпы көлемінің 25%-ке дейінгі кемімейтен қорын қалыптастыру маңызды шара болып, бұл өз кезегінде дәрі-дәрмекпен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, коронавирусты емдеу хаттамасына сәйкес еліміздің медициналық ұйымдарында дәрі-дәрмек кестеге сәйкес үзіліссіз жеткізіліп, ай сайынғы қор қамтамасыз етілді. COVID-19 жаңа нозологиясы енгізіліп, емханаларға дәрі-дәрмектің 5 түрі – дене қызуын басатын препараттар мен антикоагулянттар жөнелтілді.
Жаңалықтар
0