Рейстерді кешіктіргені үшін Air Astana-ға төртінші рет айыппұл салынды

© Sputnik / Тимур БатыршинAir Astana ұшағы
Air Astana ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Fly Arystan рейстерін кешіктіргені үшін Air Astana компаниялар тобына тағы да айыппұл салынды, деп хабарлады азаматтық авиация комитеті.
Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың тапсырмасы бойынша комитет рейстердің кешігуі кезінде жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін әуе тасымалдаушыларды жауапкершілікке тартуды жалғастырып жатыр.
Азаматтық авиация комитеті тергеу барысында анықтағандай, 2022 жылдың 16 шілдесінде Air Astana компаниялар тобына кіретін Fly Arystan бөлімшесінің Алматы – Атырау бағытындағы КС-7202 рейсі 12 сағат 9 минутқа кешіккен. Осы рейстің жолаушылары ұшуды күту кезінде оларға Қазақстанның әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамада көзделген қызметтер тиісті түрде ұсынылмаған. Жолаушыларға тұрақтау үшін қонақ үй қарастырылмаған.
"Air Astana әуе компаниясы тобы рейс кешігуі кезінде жолаушылардың құқықтарын бұзғаны үшін соңғы бір айда төртінші рет әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы сомасы 12 миллион теңгеден асатын айыппұл арқалады", - деді азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев.
Оның айтуынша, комитет заңнамада көзделген міндеттемелерді орындамаған жағдайда әуе тасымалдаушыларын әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін қажетті шараларды қабылдап жатыр.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.07.2022
Air Astana әуе компаниясына 3 миллион теңге айыппұл салынды
Жаңалықтар
0