https://sputnik.kz/20220805/qytay-pelosi-sanktsiya-26552214.html
Қытай Пелоси және оның жақын туыстарына қарсы санкция енгізеді – ҚХР СІМ
Қытай Пелоси және оның жақын туыстарына қарсы санкция енгізеді – ҚХР СІМ
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз — Sputnik. Қытай Тайваньға арандатушылық сапарынан кейін АҚШ кәсіпкерлер палатасының спикері Нэнси Пелоси және оның жақын туыстарына қарсы... 05.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-05T14:44+0500
2022-08-05T14:44+0500
2022-08-05T14:44+0500
әлем
ақш
қытай
санкция
https://sputnik.kz/img/07e6/08/01/26463128_0:0:3073:1728_1920x0_80_0_0_81d4e57d2d9b51bf4bef8b0282d9e23c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз — Sputnik. Қытай Тайваньға арандатушылық сапарынан кейін АҚШ кәсіпкерлер палатасының спикері Нэнси Пелоси және оның жақын туыстарына қарсы санкция енгізеді, деп хабарлады РИА Новости ҚХР СІМ мәлімдемесіне сілтеме жасап. Пелоси Тайвань бұғазындағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіріп, "бір Қытай" қағидаты бойынша "ауыр соққы" жасады деп аталып өтеді. "ҚХР-ның тиісті заңнамасының негізінде қытай тарапы арандатушылық әрекеттерінен кейін Пелоси мен оның жақын туыстарына санкциялар салуға шешім қабылдады", - делінген ақпаратта. Пелосидің сапары АҚШ өкілдер палатасының спикерінің 1997 жылдан кейінгі Тайваньға алғашқы сапары болды, ол – соңғы 25 жыл ішінде аралға келген ең жоғары американдық шенеунік. ҚХР төрағасы "отпен ойнасаң, күйесің" деп ескерткен АҚШ әкімшілігі Бейжіңді "бір Қытай" саясатынан бас тартпады деп сендірді, бірақ спикердің өзі шешім қабылдайтынын айтып, сапардан алыстады. Нәтижесінде бұл сапар Тайвань бұғазындағы шиеленістің жаңа кезеңіне түрткі болды. 4-7 тамыз аралығында әскери жаттығулардың басталғаны туралы хабарламадан бөлек, Бейжің Тайваньның екі қорына қарсы санкциялар енгізді, Аралға табиғи құмның экспортын және Тайваньнан цитрустық жемістер мен балық өнімдерінің кейбір түрлерін импорттауды тоқтатты. Ал ҚХР СІМ Қытай шешуші және қатаң шаралар қабылдауға ниетті екенін жеткізді. Сонымен қатар Бейжің бірнеше ай бойы қарсы болған сапардың барлық жағымсыз салдары әлі алда және олар үшін Вашингтон мен Тайбэй жауапты болады.
ақш
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/01/26463128_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_1a70f3e10c1e850e99ddb2a95c1c76de.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш, қытай, санкция
НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз — Sputnik. Қытай Тайваньға арандатушылық сапарынан кейін АҚШ кәсіпкерлер палатасының спикері Нэнси Пелоси және оның жақын туыстарына қарсы санкция енгізеді, деп хабарлады РИА Новости ҚХР СІМ мәлімдемесіне сілтеме жасап.
"Пелоси Қытай тарапынан алаңдаушылық пен наразылыққа қарамастан Тайваньға келді. Ол Қытайдың ішкі саясатына қатаң араласуды жүзеге асырды, Қытайдың мемлекеттік егемендігі мен аумақтық тұтастығына айтарлықтай зиян келтірді", - делінген хабарламада.
Пелоси Тайвань бұғазындағы бейбітшілік пен тұрақтылыққа қауіп төндіріп, "бір Қытай" қағидаты бойынша "ауыр соққы" жасады деп аталып өтеді.
"ҚХР-ның тиісті заңнамасының негізінде қытай тарапы арандатушылық әрекеттерінен кейін Пелоси мен оның жақын туыстарына санкциялар салуға шешім қабылдады", - делінген ақпаратта.
Пелосидің сапары АҚШ өкілдер палатасының спикерінің 1997 жылдан кейінгі Тайваньға алғашқы сапары болды, ол – соңғы 25 жыл ішінде аралға келген ең жоғары американдық шенеунік.
ҚХР төрағасы "отпен ойнасаң, күйесің" деп ескерткен АҚШ әкімшілігі Бейжіңді "бір Қытай" саясатынан бас тартпады деп сендірді, бірақ спикердің өзі шешім қабылдайтынын айтып, сапардан алыстады.
Нәтижесінде бұл сапар Тайвань бұғазындағы шиеленістің жаңа кезеңіне түрткі болды. 4-7 тамыз аралығында әскери жаттығулардың басталғаны туралы хабарламадан бөлек, Бейжің Тайваньның екі қорына қарсы санкциялар енгізді, Аралға табиғи құмның экспортын және Тайваньнан цитрустық жемістер мен балық өнімдерінің кейбір түрлерін импорттауды тоқтатты.
Ал ҚХР СІМ Қытай шешуші және қатаң шаралар қабылдауға ниетті екенін жеткізді. Сонымен қатар Бейжің бірнеше ай бойы қарсы болған сапардың барлық жағымсыз салдары әлі алда және олар үшін Вашингтон мен Тайбэй жауапты болады.