Қазақстандықтар жаңа тұрғын үй кешенінде байланыстың нашарлауына жиі шағымданады

© Pixabay / Bryan Santos Ұялы телефон
Ұялы телефон - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз — Sputnik. Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі елдің тұрғын үй кешендеріндегі нашар ұялы байланыс мәселесін заңнамалық деңгейде шешуге ниетті. Бұл туралы цифрлық форум барысында вице-министр Асхат Оразбек мәлімдеді.
Ол қазір қазақстандықтар тұрғын үй кешендеріндегі нашар байланысқа жиі шағымданатын жеткізді. Бұл ретте құрылыс компаниялары монополистер болып табылады және өз үйлерінің тұрғындары үшін байланыс операторын өздері айқындайды. Таңдалған операторды кейін өзгерту мүмкін емес.
"Біз қазір индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен құрылыс компанияларына кем дегенде екі операторға өз жабдығын орналастыруға мүмкіндік беруді міндеттеу жұмысын жүргізіп жатырмыз. Сонымен қатар барлық ішкі сымдар құрылыс кезінде жасалуы керек. Сондықтан бәрі оператордың емес, кондоминиумның жеке меншігіне айналады. Бұл көптеген адам үшін маңызды", - деді вице-министр.
Бұған дейін цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қазақстандықтарды үйіне 4G және 5G антенналарын орнатудан қорықпауға шақырған болатын. Ол байланыс антенналарының радио толқындары микротолқынды пешпен бірдей екенін түсіндірді. Сол себептен оның азаматтардың денсаулығына еш зияны жоқ.
Жаңалықтар
0