Петропавлда екі ер адам жалдамалы пәтерде қыз зорлады деген күдікке ілінді

© Sputnik / Табылды КадырбековИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2022
Жазылу
Әлеуметтік желіде Петропавлдағы көпқабатты үйлердің бірінің пәтерінде бірнеше ер адам ақыл-есі кем қызды қорлағаны туралы ақпарат жарияланды
ПЕТРОПАВЛ, 5 тамыз – Sputnik. Петропавлда екі ер адам жалдамалы пәтерде қала тұрғынын зорлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әлеуметтік желіде Петропавлдағы көпқабатты үйлердің бірінің пәтерінде бірнеше ер адам ақыл-есі кем қызды қорлағаны туралы ақпарат жарияланды.
Қыздың танысының айтуынша, кешкісін жәбірленуші ауладағы әткеншекте тербетіліп отырған. Көршілердің бірі оны аулаға іргелес көрші үйге ертіп барып, пәтерлердің бірінде бірнеше адам зорлаған.
Соққыға жығылған қызды таңертең танысы кездестіріп қалған, қыз оған болған жайды айтып береді. Жәбірленуші зорланғаны туралы полицияға арызданған, сараптамадан өткен, бірақ зорлықшылар бірден босатылған көрінеді.
"3 тамызда Петропавл қаласының полиция басқармасына Абай көшесіндегі жалдамалы пәтерлердің бірінде облыс орталығының 32 жастағы тұрғыны зорланғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл факт "Бір топ адам жасаған зорлау" бабы бойынша тіркелді. Полиция қызметкерлері Солтүстік Қазақстан облысының 1974 және 1990 жылы туған екі тұрғынын анықтады", - деп хабарлады полиция.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, оның қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданады.
Қалалық полиция басқармасы заңға сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейтінін еске салды.
Жаңалықтар
0