Петропавл қаласының жаңа әкімі тағайындалды

© Sputnik / Елена Бережная Елена БЕРЕЖНАЯПетропавл әкімдігі
Петропавл әкімдігі - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Петропавл қаласының әкімі қызметіне Руслан Анбаев тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгін қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттар облыс орталығының басшысы қызметіне ұсынылған Руслан Анбаевтың кандидатурасын қарады. Дауыс беру нәтижесінде барлығы оны бірауыздан қолдап, қала әкімі қызметіне бекітті.
"Мен үшін бұл үлкен жауапкершілік. Облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін алдымызға қойылған міндеттерді іске асыруға бар тәжірибем мен білімімді жұмсаймын. Қала тұрғындарының өмірін жақсарту жолында депутаттық корпуспен тығыз жұмыс істейміз", - деді Анбаев.
Руслан Анбаев 1978 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қозыбаев атындағы мемлекеттік университетті "экономист-менеджер" мамандығы бойынша бітірген. Бұдан бөлек, агроном мен заңгер диломы бар.
Еңбек жолын 1999 жылы Тимирязев ауданы бойынша салық комитетінде аудит бөлімінің инспекторы болып бастаған.
2002-2015 жылдары осы өңірде салық органдарында сан алуан қызметтер атқарды.
Ал 2015-2019 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты басшысының орынбасары болды. Одан кейін бір жылдай Мамлют ауданын басқарды. Осы уақытқа дейін Тайынша ауданының әкімі қызметін атқарды.
Айта кетері, қаланың бұрынғы әкімі Болат Жұмабеков маусым айында өз еркімен отставкаға кеткен болатын. Ол Петропавл қаласын екі рет басқарды. 2012 жылы ақпан айынан бастап 2013 жылдың мамыр айына дейін, одан кейін 2019 жылы көктемде тағы қала әкімі қызметіне тағайындалған.
Жаңалықтар
0