https://sputnik.kz/20220805/nauqas-bala-alayaq-26558915.html
Науқас балаға деп ақша жинаған екі қыз алаяқ болып шықты
Науқас балаға деп ақша жинаған екі қыз алаяқ болып шықты
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз — Sputnik. Алматыда “науқас” баланың еміне ақша жинаған екі қыз ұсалды, деп хабарлайды Polisia.kz. 05.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-05T20:28+0500
2022-08-05T20:28+0500
2023-08-10T16:14+0500
полиция
алаяқ
науқас
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/0b/15174784_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_d45a44fec1cf3f972cc4abf0ad69192e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз — Sputnik. Алматыда “науқас” баланың еміне ақша жинаған екі қыз ұсалды, деп хабарлайды Polisia.kz. 22 және 23 жастағы қыздар әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды.Барлығы белгілі блогердің алаяқтық туралы Әуезов аудандық полициясына арыздануынан басталды. Оның айтуынша, екі бойжеткен науқас балаға көмек сұрай отырып, қолдан жасалған құжаттарды пайдаланып, парақшасына пост жариялауға көндірген. Блогердің үлкен аудиториясы жанашырлық танытып, көмекке шақыруды назардан тыс қалдырмай, белсенді түрде қаражат аудара бастады."Қабылданған шаралардың қорытындысы бойынша осы қылмысқа күдіктілер анықталды және ұсталды. Олар Ақмола облысының тұрғындары. Алғашқы жауап алуда қыздар өз іс-әрекеттерін мойындады. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде", – деді Әуезов аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі бастығының орынбасары Тимур Мулинов. Күдіктілердің бірі спортшы, таэквандомен айналысқан. Бұрын оның заңмен мәселелері болған және ұрлық үшін жауапқа тартылған. Оның құрбысы С.есімді азаматша – маникюр жасау шебері. Қазір тергеушілер бұл деректен басқа да эпизодтар бар-жоғын анықтап жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/0b/15174784_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_2c36f4868b5346413edb53a2ebffb7b5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, алаяқ, науқас
НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз — Sputnik. Алматыда “науқас” баланың еміне ақша жинаған екі қыз ұсалды, деп хабарлайды Polisia.kz.
22 және 23 жастағы қыздар әлеуметтік желі арқылы алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды.
Барлығы белгілі блогердің алаяқтық туралы Әуезов аудандық полициясына арыздануынан басталды.
Оның айтуынша, екі бойжеткен науқас балаға көмек сұрай отырып, қолдан жасалған құжаттарды пайдаланып, парақшасына пост жариялауға көндірген. Блогердің үлкен аудиториясы жанашырлық танытып, көмекке шақыруды назардан тыс қалдырмай, белсенді түрде қаражат аудара бастады.
"Қабылданған шаралардың қорытындысы бойынша осы қылмысқа күдіктілер анықталды және ұсталды. Олар Ақмола облысының тұрғындары. Алғашқы жауап алуда қыздар өз іс-әрекеттерін мойындады. Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде", – деді Әуезов аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі бастығының орынбасары Тимур Мулинов.
Күдіктілердің бірі спортшы, таэквандомен айналысқан. Бұрын оның заңмен мәселелері болған және ұрлық үшін жауапқа тартылған.
Оның құрбысы С.есімді азаматша – маникюр жасау шебері. Қазір тергеушілер бұл деректен басқа да эпизодтар бар-жоғын анықтап жатыр.