https://sputnik.kz/20220805/mektep-formasy-25-30-qymbattady-26539553.html
Мектеп формасы 25-30% қымбаттады
Мектеп формасы 25-30% қымбаттады
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Мектеп формасының құны былтырғымен салыстырғанда 25-30% қымбаттаған, деп хабарлады "Астана" арнасы. 05.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-05T07:58+0500
2022-08-05T07:58+0500
2022-08-05T07:58+0500
мектеп формасы
https://sputnik.kz/img/07e5/09/07/18058783_0:156:3001:1844_1920x0_80_0_0_a6e3139b2c441946d6ca531eff338597.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Мектеп формасының құны былтырғымен салыстырғанда 25-30% қымбаттаған, деп хабарлады "Астана" арнасы.Елорда тұрғыны Сәмен Асхат – 3 баланың әкесі. Жылда 2 баланы мектепке дайындап жүрсе, биыл оған кенжесі қосылды, 1 сыныпқа барады. "Мектеп киімдері қымбат" дейді ол.Қымбатшылықты сатушылар да мойындайды. Тауарды Қырғызстан, Қытай, Түркиядан алдырып келеді, ал отандық өндірістегі мектеп формаларының көтерме бағасының өзі қалтаға ауыр тиетінін айтады."Көтерме бағасының өзі 12-13 мың, сосын біз оны қаншадан сатамыз? Ол кішкене қолжетімді баға болу керек қой", - дейді кәсіпкер Сағадат Көмекбаева.Мектеп формасы былтырғымен салыстырғанда 25-30 процентке қымбаттаған. Қазір базарда белдемшенің (юбка) құны 3,5 мың мен 8 мың теңге аралығында, ақ көйлек 3600 теңгеден 12 мың теңгеге дейін барады. Шалбардың арзаны 4 мыңға бағаланса, сапасы жақсысы 12 мыңнан асып жығылады. Қыздардың сарафан көйлектерінің сапалысы 22 мың теңге, ер балалардың үшеулік костюм-шалбары 25 мың теңге тұрады.Оқу-ағарту министрілігі ата-ананың қалтасына ауыртпалық түсірмейміз деп барлық мектепке бірыңғай қою көк түсті мектеп формасын енгізбекші."Алдағы оқу жылында мектеп формасына қойылатын талаптарға өзгеріс енгізілмейді. Мектеп формасына қойылатын талаптар министрліктің 26-бұйрығына сәйкес сақталып қалды", - деп атап өтті оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев.Ата-аналарға мектеп формасын отандық өндірушілерден сатып алу ұсынылуда. Сатып алатын өндіруші мен сауда орталығын ата-аналар өздері таңдайды. Бұл әзірге тиісті мемлекеттік органдармен, ата-аналар қауымдастығымен талқылануда.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/07/18058783_166:0:2833:2000_1920x0_80_0_0_fcac1cc10703b0fa340c28c677c640c8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп формасы
НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Мектеп формасының құны былтырғымен салыстырғанда 25-30% қымбаттаған, деп хабарлады "
Астана" арнасы.
Елорда тұрғыны Сәмен Асхат – 3 баланың әкесі. Жылда 2 баланы мектепке дайындап жүрсе, биыл оған кенжесі қосылды, 1 сыныпқа барады. "Мектеп киімдері қымбат" дейді ол.
"Әр балаға кем дегенде 100 мыңдай керек. Киім өте қымбат. 1- класқа баратын ұлымның формасының өзі 40 мыңнан асады. Аяқ киімнің өзін жаңа 20 мың теңгеге алдық. Амал жоқ аламыз", - дейді Сәмен Асхат.
Қымбатшылықты сатушылар да мойындайды. Тауарды Қырғызстан, Қытай, Түркиядан алдырып келеді, ал отандық өндірістегі мектеп формаларының көтерме бағасының өзі қалтаға ауыр тиетінін айтады.
"Көтерме бағасының өзі 12-13 мың, сосын біз оны қаншадан сатамыз? Ол кішкене қолжетімді баға болу керек қой", - дейді кәсіпкер Сағадат Көмекбаева.
Мектеп формасы былтырғымен салыстырғанда 25-30 процентке қымбаттаған. Қазір базарда белдемшенің (юбка) құны 3,5 мың мен 8 мың теңге аралығында, ақ көйлек 3600 теңгеден 12 мың теңгеге дейін барады. Шалбардың арзаны 4 мыңға бағаланса, сапасы жақсысы 12 мыңнан асып жығылады. Қыздардың сарафан көйлектерінің сапалысы 22 мың теңге, ер балалардың үшеулік костюм-шалбары 25 мың теңге тұрады.
"Ең қымбаты Түркия мен Пекин болып тұр. Бішкек қолжетімді. Бірақ соның өзінде былтырғы бағамен салыстырғанда 25-30 пайызға өскен. Қымбат бағасы", - деп толықтырды Сағадат Көмекбаева.
Оқу-ағарту министрілігі ата-ананың қалтасына ауыртпалық түсірмейміз деп барлық мектепке бірыңғай қою көк түсті мектеп формасын енгізбекші.
"Алдағы оқу жылында мектеп формасына қойылатын талаптарға өзгеріс енгізілмейді. Мектеп формасына қойылатын талаптар министрліктің 26-бұйрығына сәйкес сақталып қалды", - деп атап өтті оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев.
Ата-аналарға мектеп формасын отандық өндірушілерден сатып алу ұсынылуда. Сатып алатын өндіруші мен сауда орталығын ата-аналар өздері таңдайды. Бұл әзірге тиісті мемлекеттік органдармен, ата-аналар қауымдастығымен талқылануда.