Екібастұзда жабылып қалған оңалту орталығы дүйсенбіден қайта ашылады

© Photo : Esi GrünhagenРебенок играет
Ребенок играет - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2022
Жазылу
Қала басшылығы мүмкіндігі шектеулі балаларды қиындықта қалдырмады
ПАВЛОДАР, 4 тамыз – Sputnik. Екібастұз қаласының әкімі Ардақ Қаңтарбаев әлеуметтік желіде "Әлем" балалар оңалту орталығына қатысты мәселе шешімін тапқанын жазды.
"Апта ішінде БАҚ-та "Әлем" балаларды оңалту орталығына қатысты мәселе қызу талқыланды. Оңалту орталығының басшылығы барлық қызығушылық танытушы тараптарға ескертпестен 1 тамыздан бастап қаржы жетіспеушілігіне байланысты жұмысын тоқтататынын жариялады", - деп жауап берді Ардақ Қаңтарбаев.
Сонымен қатар қала басшысы 2021 жылдан бастап алғаш рет мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жартылай стационар жағдайында тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арнайы-әлеуметтік қызметтер көрсетілетінін атап өтті.
Осы жылы "Әлем" оңалту орталығымен шарт жасалды. Қаржы жұмыстардың ұсынылған актілеріне сәйкес уақтылы аударылады.
"Әрине, біз орталықтың одан әрі жұмыс істеуіне мүдделіміз. Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Екібастұз әкімдігі және жұртшылық өкілдерінен тұратын жұмыс тобын құруды тапсырды. Жұмыс тобы "Әлем" балаларды оңалту орталығының өкілдерімен бірлесіп, тиісті талдау жүргізіп, мәселені оң шешудің бірнеше нұсқасын ұсынды. Қарау қорытындысы бойынша осы жылдың 8 тамызынан бастап "Әлем" балаларды оңалту орталығының қызметін қайта бастау туралы шешім қабылданды", - деп түйіндеді Екібастұз әкімі.
Бұған дейін Sputnik Қазақстан "Әлем" оңалту орталығының қаржы тапшылығының себебінен тамыздан бастап жұмысын тоқтатқанын жазған болатын.
Орталыққа барып, оңалтудан өтіп жүрген 29 ерекше баланың ата-анасы қала басшылығы және осы мәселеге бей-жай қарай алмайтын жандарға көмек сұрап, әлеуметтік желілерде үндеу жариялаған еді.
Балалар - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2022
Екібастұзда 29 ерекше бала көмексіз қалуы мүмкін
Жаңалықтар
0