https://sputnik.kz/20220805/arnayy-askeri-operatsiya-avdeevkadagy-bekinis-aumagy-qiratyldy-26585316.html
Арнайы әскери операция: Авдеевкадағы бекініс аумағы қиратылды
Арнайы әскери операция: Авдеевкадағы бекініс аумағы қиратылды
Sputnik Қазақстан
Украина Қарулы күштерінің Авдеевкадағы бекініс ауданын бұзу, Марьинка мен Пескидің шабуылға ұшыруы, Донбаста одақтас әскердің белсенді іс-қимылы Киев режимін... 05.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-05T09:06+0500
2022-08-05T09:06+0500
2022-08-08T11:06+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
украина
https://sputnik.kz/img/07e6/06/1d/25825003_0:14:3033:1720_1920x0_80_0_0_7436365b6d03456100646a3bcd974c00.jpg
Украина Қарулы күштерінің Авдеевкадағы бекініс ауданын бұзу, Марьинка мен Пескидің шабуылға ұшыруы, Донбаста одақтас әскердің белсенді іс-қимылы Киев режимін "Херсон үшін шайқасқа" қатысты күмән тудыруына мәжбүрлеп, Батыстың Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау сәтті орындалып жатқанына көзін жеткізді, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.Донбастағы одақтас күштердің шабуылдау операциясы сәтті және қарқынды дамып келеді. Бірден бірнеше қорғаныс шебі бойындағы жаппай артиллерия мен әуе соққыларының тактикасы қарсыласты маневр еркіндігінен айырып, атыс күші бойынша он есе артықшылық қарсы тойтарыс көрсетуге мүмкіндік бермей отыр. "Терминатор" танктерді қолдауға арналған әскери машинасының көмегімен танк бөлімшелерінің шабуылдары Артемовск және Соледар аудандарында шабуылдау топтарының алға жылжуына жағдай жасап жатыр."Оккупация жылдарында алынбайтын бекініс аймағына және Донецкті атқылаудың негізгі артиллериялық позициясына айналған Пески елді мекенінің жартысы азат етілді. Авдеевка кокс-химия зауыты ауданындағы қарсыластың бекіністері жойылып, Марьинка аймағындағы қорғаныс бұзылды", - деп жазды Хроленко.Украина Қарулы күштерінің сегіз жылда бой көтерген 30 километрге созылып жатқан Марьинка – Пески – Авдеевка бетон бекініс желісі қирап жатыр, бекініс аймағына бір мезгілде бірнеше бағыттан шабуыл жасау 70 мыңға дейінгі әскериді қамтитын жаңа қоршаудың құрылуына алып келуі ықтимал.Әскери шолушының айтуынша, украин бөлімшелері үлкен шығынға ұшырап, қашқындар мен тұтқындар саны артып жатыр. 4 тамызда Ресейдің әскери-теңіз күштері дәлдігі жоғары қарумен Донецктен солтүстікке қарай 50 километр жердегі Константиновка қаласының маңында Украина Қарулы күштерінің 95-ші десанттық-шабуылдау бригадасының 400-ге жуық әскери қызметкері мен 20 әскери техникасын жойды.Киев режимі резервтегі әскерилерді Пески мен Авдеевкаға бағыттауды жалғастырып жатыр. Алайда соңғы үш күнде ресейлік әскердің соққысынан мобилизацияланған 600 жауынгердің 80-і ғана діттеген орынға жетті. Жойқын соққыға ұшыраған украин бөлімшелері тіпті қарсы шабуылға шығуға тырыспайды. Олар бар болғаны Донецкке оқ жаудырып, бейбіт тұрғындарға қатысты аяусыздық танытып отыр.Америкалықтар алға қарай қарқынды жылжып келе жатқан ресейлік әскер Донбаста бірнеше жыл бойы нық бекініс қалыптастырған Украина Қарулы күштерінің бөлімшелерін ығыстырып жатқанын мойындауға мәжбүр. Соғысты зерттеу институты (ISW) аналитиктерінің есебінде одақтас күштердің Артемовск және Славянск бағытындағы жетістіктері атап өтілді. Бүкіл майдан шебінде украин бекіністері жойылып жатыр. Донбастан батысқа қарай қуатты бекініс позициясы жоқ екені Украина Қарулы күштерінің проблемасына айналды.Украина Қарулы күштері үшін және Харьков, Запорожье, Кривой Рог, Николаев бағыттары бойынша әскери түйісу желісі тұрақсыз. Ресей әскері Украинадағы маңызды әскери нысандарға күн сайын зымыранмен шабуылдар жасап жатыр. 3 тамызда Львов облысының Радехов қаласының аумағында, Польша шекарасынан 45 километр жерде Польшадан жеткізілген шетелдік қару-жарақ пен оқ-дәрі қоймасы дәлдігі жоғары алыс қашықтыққа ұшатын зымырандармен жойылды.Польша сыртқы істер министрінің орынбасары Павел Яблонский Polsat News телеарнасында зымырандардың бірі Польша дипломатиясының басшысы Збигнев Рау Украинаға келген кезде Польша шекарасынан небәрі 15 километр жерге құлағанын кездейсоқ емес деп мәлімдеді. Варшава мұны Мәскеудің сес көрсетуі деп санайды."Киев режимі үшін батыстық серіктестерден көмек алу қиындап барады. Мысалы, Германия Украинаға 100 дана Panzehaubitze 2000 өздігінен жүретін артиллериялық қондырғыны уәде етті. Бірақ бұл техника 2024-2027 жылдары жеткізіледі. Ал бүгін белгілі Amnesty International құқық қорғау ұйымы Украина Қарулы күштерінің "елді мекендерде, соның ішінде мектептер мен ауруханаларда" жауынгерлік позициялар ұйымдастырғаны үшін Украинаны халықаралық және әскери заңдарды бұзды деп айыптады", - деп жазды Хроленко.Оның пікірінше, ұжымдық Батыс Киев режиміне көмектесе алмайды. Америкалық Newsweek апталық басылымы Ресеймен текетіресте АҚШ Еуропаға арқа сүйемеуі керек екенін, себебі тұрақсыздық басым екенін жазды.Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/06/1d/25825003_162:0:2893:2048_1920x0_80_0_0_a7760cfa92ddcb2c0d7a2bbc9f449438.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина
Украина Қарулы күштерінің Авдеевкадағы бекініс ауданын бұзу, Марьинка мен Пескидің шабуылға ұшыруы, Донбаста одақтас әскердің белсенді іс-қимылы Киев режимін "Херсон үшін шайқасқа" қатысты күмән тудыруына мәжбүрлеп, Батыстың Украинаны демилитаризациялау және денацификациялау сәтті орындалып жатқанына көзін жеткізді, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Донбастағы одақтас күштердің шабуылдау операциясы сәтті және қарқынды дамып келеді. Бірден бірнеше қорғаныс шебі бойындағы жаппай артиллерия мен әуе соққыларының тактикасы қарсыласты маневр еркіндігінен айырып, атыс күші бойынша он есе артықшылық қарсы тойтарыс көрсетуге мүмкіндік бермей отыр. "Терминатор" танктерді қолдауға арналған әскери машинасының көмегімен танк бөлімшелерінің шабуылдары Артемовск және Соледар аудандарында шабуылдау топтарының алға жылжуына жағдай жасап жатыр.
"Оккупация жылдарында алынбайтын бекініс аймағына және Донецкті атқылаудың негізгі артиллериялық позициясына айналған Пески елді мекенінің жартысы азат етілді. Авдеевка кокс-химия зауыты ауданындағы қарсыластың бекіністері жойылып, Марьинка аймағындағы қорғаныс бұзылды", - деп жазды Хроленко.
Украина Қарулы күштерінің сегіз жылда бой көтерген 30 километрге созылып жатқан Марьинка – Пески – Авдеевка бетон бекініс желісі қирап жатыр, бекініс аймағына бір мезгілде бірнеше бағыттан шабуыл жасау 70 мыңға дейінгі әскериді қамтитын жаңа қоршаудың құрылуына алып келуі ықтимал.
Әскери шолушының айтуынша, украин бөлімшелері үлкен шығынға ұшырап, қашқындар мен тұтқындар саны артып жатыр. 4 тамызда Ресейдің әскери-теңіз күштері дәлдігі жоғары қарумен Донецктен солтүстікке қарай 50 километр жердегі Константиновка қаласының маңында Украина Қарулы күштерінің 95-ші десанттық-шабуылдау бригадасының 400-ге жуық әскери қызметкері мен 20 әскери техникасын жойды.
Киев режимі резервтегі әскерилерді Пески мен Авдеевкаға бағыттауды жалғастырып жатыр. Алайда соңғы үш күнде ресейлік әскердің соққысынан мобилизацияланған 600 жауынгердің 80-і ғана діттеген орынға жетті. Жойқын соққыға ұшыраған украин бөлімшелері тіпті қарсы шабуылға шығуға тырыспайды. Олар бар болғаны Донецкке оқ жаудырып, бейбіт тұрғындарға қатысты аяусыздық танытып отыр.
Америкалықтар алға қарай қарқынды жылжып келе жатқан ресейлік әскер Донбаста бірнеше жыл бойы нық бекініс қалыптастырған Украина Қарулы күштерінің бөлімшелерін ығыстырып жатқанын мойындауға мәжбүр. Соғысты зерттеу институты (ISW) аналитиктерінің есебінде одақтас күштердің Артемовск және Славянск бағытындағы жетістіктері атап өтілді. Бүкіл майдан шебінде украин бекіністері жойылып жатыр. Донбастан батысқа қарай қуатты бекініс позициясы жоқ екені Украина Қарулы күштерінің проблемасына айналды.
Украина Қарулы күштері үшін және Харьков, Запорожье, Кривой Рог, Николаев бағыттары бойынша әскери түйісу желісі тұрақсыз. Ресей әскері Украинадағы маңызды әскери нысандарға күн сайын зымыранмен шабуылдар жасап жатыр. 3 тамызда Львов облысының Радехов қаласының аумағында, Польша шекарасынан 45 километр жерде Польшадан жеткізілген шетелдік қару-жарақ пен оқ-дәрі қоймасы дәлдігі жоғары алыс қашықтыққа ұшатын зымырандармен жойылды.
Польша сыртқы істер министрінің орынбасары Павел Яблонский Polsat News телеарнасында зымырандардың бірі Польша дипломатиясының басшысы Збигнев Рау Украинаға келген кезде Польша шекарасынан небәрі 15 километр жерге құлағанын кездейсоқ емес деп мәлімдеді. Варшава мұны Мәскеудің сес көрсетуі деп санайды.
"Киев режимі үшін батыстық серіктестерден көмек алу қиындап барады. Мысалы, Германия Украинаға 100 дана Panzehaubitze 2000 өздігінен жүретін артиллериялық қондырғыны уәде етті. Бірақ бұл техника 2024-2027 жылдары жеткізіледі. Ал бүгін белгілі Amnesty International құқық қорғау ұйымы Украина Қарулы күштерінің "елді мекендерде, соның ішінде мектептер мен ауруханаларда" жауынгерлік позициялар ұйымдастырғаны үшін Украинаны халықаралық және әскери заңдарды бұзды деп айыптады", - деп жазды Хроленко.
Оның пікірінше, ұжымдық Батыс Киев режиміне көмектесе алмайды. Америкалық Newsweek апталық басылымы Ресеймен текетіресте АҚШ Еуропаға арқа сүйемеуі керек екенін, себебі тұрақсыздық басым екенін жазды.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.