Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Арктика мұздары жылдам еріп жатыр – фото

Жазылу
Егер парниктік газдардың бөлінуі бойынша қазіргі деңгей сақталса, ширек ғасыр ішінде жер бетінен арктикалық мұздар толық жоғалып кетуі мүмкін
Бұл туралы Жер климатының өзгеруін зерттеумен айналысатын ғалымдар көп жылдан бері айтып келеді.
Олар Арктиканың айналасындағы мұздың еру қарқыны күн емес, сағаттап өсіп жатқанын айтып дабыл қағуда. Солтүстік мұзды мұхитындағы теңіз мұзының үштен бір бөлігі бүгінде жоғалып үлгерген.
Былтыр 120 еуропалық зерттеуші Арктика мұзының рекордтық төмен деңгейін тіркеді. Олардың Journal of Operational Oceanography журналында жарияланған есебіне сәйкес, соңғы онжылдықта Арктика мұзының деңгейі 1979 жылмен салыстырғанда 13 процентке, ал Баренц теңізіндегі мұздың орташа қалыңдығы 90 процентке азайған.
Жаһандық жылыну қандай салдарға әкелетіні туралы жүздеген постапокалипсистік фильм түсірілді. Бірақ ғаламшарға солтүстік мұзды қайтаруға әлі де кеш емес. Дегенмен күн сайын бұл мүмкіндік азайып жатыр.
Арктикалық мұздықтардың бүгінгі көрінісі қандай екенін суреттер топтамасынан тамашалаңыз.
© AFP 2024 / Kerem Yücel

Тұманның арасынан көрініп тұрған айсбергтер Гренландиядағы Питуффик маңындағы Баффин шығанағында қалқып жүр. Суреттер NASA Gulfstream V ұшағымен арктикалық теңіз мұзының еруін өлшеу кезінде түсірілген

Тұманның арасынан көрініп тұрған айсбергтер Гренландиядағы Питуффик маңындағы Баффин шығанағында қалқып жүр. Суреттер NASA Gulfstream V ұшағымен арктикалық теңіз мұзының еруін өлшеу кезінде түсірілген - Sputnik Қазақстан
1/10

Тұманның арасынан көрініп тұрған айсбергтер Гренландиядағы Питуффик маңындағы Баффин шығанағында қалқып жүр. Суреттер NASA Gulfstream V ұшағымен арктикалық теңіз мұзының еруін өлшеу кезінде түсірілген

© AFP 2024 / Kerem Yücel

Солтүстік мұзды мұхиттағы айсберг. ICESAT-2 арқылы жүргізілген жаңа бақылаулар небәрі үш жыл ішінде арктикалық теңіз мұзының айтарлықтай жұқарғанын көрсетті

Солтүстік мұзды мұхиттағы айсберг. ICESAT-2 арқылы жүргізілген жаңа бақылаулар небәрі үш жыл ішінде арктикалық теңіз мұзының айтарлықтай жұқарғанын көрсетті - Sputnik Қазақстан
2/10

Солтүстік мұзды мұхиттағы айсберг. ICESAT-2 арқылы жүргізілген жаңа бақылаулар небәрі үш жыл ішінде арктикалық теңіз мұзының айтарлықтай жұқарғанын көрсетті

© AFP 2024 / Kerem Yücel

Гренландия маңындағы айсбергтер. НАСА-ның Gulfstream V ұшағы Арктикадағы теңіз мұзының еруіне тұрақты өлшепм жүргізеді. Жаңа зерттеуге сәйкес, Арктика соңғы жиырма жылда қысқы теңіз мұзының шамамен үштен бір бөлігін жоғалтқан

Гренландия маңындағы айсбергтер. НАСА-ның Gulfstream V ұшағы Арктикадағы теңіз мұзының еруіне тұрақты өлшепм жүргізеді. Жаңа зерттеуге сәйкес, Арктика соңғы жиырма жылда қысқы теңіз мұзының шамамен үштен бір бөлігін жоғалтқан - Sputnik Қазақстан
3/10

Гренландия маңындағы айсбергтер. НАСА-ның Gulfstream V ұшағы Арктикадағы теңіз мұзының еруіне тұрақты өлшепм жүргізеді. Жаңа зерттеуге сәйкес, Арктика соңғы жиырма жылда қысқы теңіз мұзының шамамен үштен бір бөлігін жоғалтқан

© AFP 2024 / Kerem Yücel

Гренландия мұз қабатындағы айсберг ішіндегі еріген тоған. Осылайша, НАСА-ның Gulfstream V ұшағы арктикалық мұздықтардың еруін өлшеу барысында айсбергтің тек сыртынан ғана емес, ішінен де еріп жатқанын анықтады

Гренландия мұз қабатындағы айсберг ішіндегі еріген тоған. Осылайша, НАСА-ның Gulfstream V ұшағы арктикалық мұздықтардың еруін өлшеу барысында айсбергтің тек сыртынан ғана емес, ішінен де еріп жатқанын анықтады - Sputnik Қазақстан
4/10

Гренландия мұз қабатындағы айсберг ішіндегі еріген тоған. Осылайша, НАСА-ның Gulfstream V ұшағы арктикалық мұздықтардың еруін өлшеу барысында айсбергтің тек сыртынан ғана емес, ішінен де еріп жатқанын анықтады

© AFP 2024 / Kerem Yücel

Гренландиядағы Питуффик маңындағы Баффин шығанағында еріп жатқан айсберг. Зерттеу сонымен қатар теңіз мұзының бұрынғы деңгейден әлдеқайда жұқарғанын анықтады

Гренландиядағы Питуффик маңындағы Баффин шығанағында еріп жатқан айсберг. Зерттеу сонымен қатар теңіз мұзының бұрынғы деңгейден әлдеқайда жұқарғанын анықтады - Sputnik Қазақстан
5/10

Гренландиядағы Питуффик маңындағы Баффин шығанағында еріп жатқан айсберг. Зерттеу сонымен қатар теңіз мұзының бұрынғы деңгейден әлдеқайда жұқарғанын анықтады

© AFP 2024 / Kerem Yücel

Дундас Хиллдағы бір жылдағы ең ыстық күн, бұл уақытта ауа температурасы шамамен 20 градус Цельсийді құрайды. ICESAT-2 арқылы жүргізілген жаңа бақылаулар үш жыл ішінде арктикалық теңіз мұзының айтарлықтай жұқарғанын көрсетті

Дундас Хиллдағы бір жылдағы ең ыстық күн, бұл уақытта ауа температурасы шамамен 20 градус Цельсийді құрайды. ICESAT-2 арқылы жүргізілген жаңа бақылаулар үш жыл ішінде арктикалық теңіз мұзының айтарлықтай жұқарғанын көрсетті - Sputnik Қазақстан
6/10

Дундас Хиллдағы бір жылдағы ең ыстық күн, бұл уақытта ауа температурасы шамамен 20 градус Цельсийді құрайды. ICESAT-2 арқылы жүргізілген жаңа бақылаулар үш жыл ішінде арктикалық теңіз мұзының айтарлықтай жұқарғанын көрсетті

© AFP 2024 / Kerem Yücel

НАСА-ның Gulfstream V ұшағы арқылы арктикалық теңіз мұзының еруін өлшеу бойынша әуеден жүргізілген миссия кезінде түсірілген мұздың еру деңгейінің көрінісі

НАСА-ның Gulfstream V ұшағы арқылы арктикалық теңіз мұзының еруін өлшеу бойынша әуеден жүргізілген миссия кезінде түсірілген мұздың еру деңгейінің көрінісі - Sputnik Қазақстан
7/10

НАСА-ның Gulfstream V ұшағы арқылы арктикалық теңіз мұзының еруін өлшеу бойынша әуеден жүргізілген миссия кезінде түсірілген мұздың еру деңгейінің көрінісі

© AFP 2024 / Kerem Yücel

Жақын болашақта Арктика суларындағы айсбергтер тек сурет түрінде ғана қалуының ықтималдылығы жоғары

Жақын болашақта Арктика суларындағы айсбергтер тек сурет түрінде ғана қалуының ықтималдылығы жоғары - Sputnik Қазақстан
8/10

Жақын болашақта Арктика суларындағы айсбергтер тек сурет түрінде ғана қалуының ықтималдылығы жоғары

© AFP 2024 / Kerem Yücel

Гренландия маңындағы айсбергтер мен мұз қабатының әуеден көрінісі. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, аралда диқаншылық іс-қимыл басталды: мұздықтардың салдарынан бұған дейін тақыр жер болып келген аумақтарға көкөніс егіліп жатыр

Гренландия маңындағы айсбергтер мен мұз қабатының әуеден көрінісі. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, аралда диқаншылық іс-қимыл басталды: мұздықтардың салдарынан бұған дейін тақыр жер болып келген аумақтарға көкөніс егіліп жатыр - Sputnik Қазақстан
9/10

Гренландия маңындағы айсбергтер мен мұз қабатының әуеден көрінісі. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, аралда диқаншылық іс-қимыл басталды: мұздықтардың салдарынан бұған дейін тақыр жер болып келген аумақтарға көкөніс егіліп жатыр

© AFP 2024 / Kerem Yücel

Осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын Гренландия мұздығынан бөлініп шыққан осы тектес айсберг әлемдегі ең үлкен пароход – "Титаникті" су түбіне кетірген еді. Қазір айсбергтердің өзіне адамзаттың іс-қимылының салдарынан толық жойылу қаупі төніп тұр

Осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын Гренландия мұздығынан бөлініп шыққан осы тектес айсберг әлемдегі ең үлкен пароход – "Титаникті" су түбіне кетірген еді. Қазір айсбергтердің өзіне адамзаттың іс-қимылының салдарынан толық жойылу қаупі төніп тұр - Sputnik Қазақстан
10/10

Жаңалықтар
0