АҚШ көлік қауіпсіздігі сарапшылары елорда әуежайының жұмысын бағалады

© Sputnik / Абзал КалиевҚазақстан астанасындағы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы
Қазақстан астанасындағы Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2022
Жазылу
Сапар барысында сарапшылар жолаушыларды тексеру, қол жүгі, багаж бен жүкті тексеру пункттеріне, сондай-ақ елорда әуежайының бақылау-өткізу пункттеріне баса мән берді
НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, 3-4 тамыз күндері АҚШ көлік қауіпсіздігі әкімшілігінің (TSA) сарапшылары еліміздегі АҚШ елшілігінің қолдауымен Қазақстанның авиациялық әкімшілігінде болып, елорда әуежайының тексеру пункттерінің жай-күйіне және олардың америкалық стандарттарға сәйкестігіне алдын ала бағалау жүргізу мақсатында әуежайға барды.
Сарапшылар АҚШ-қа тікелей рейстерді жүзеге асыру кезінде тексеру пункттерінің жағдайы мен жабдықталуына ерекше мән береді.
© Photo : Пресс-служба МИИР КазахстанаTSA сарапшылары елорда әуежайындағы тексеру пункттерінің жағдайына баға берді
TSA сарапшылары елорда әуежайындағы тексеру пункттерінің жағдайына баға берді
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2022
TSA сарапшылары елорда әуежайындағы тексеру пункттерінің жағдайына баға берді
Техникалық сапардың нәтижесі бойынша сарапшылар тексеру пункттері мен бақылау-өткізу пункттерінің жағдайына оң баға берді. Тексеру пункттерінде авиациялық қауіпсіздік қызметі персоналының үйлесімді жұмысы аталып өтті.
Болашақта АҚШ-қа орындалатын рейстерге қызмет көрсететін жекелеген тексеру пункттері үшін, оларды жолаушыларды үш өлшемді сканерлеу жабдықтары (дене сканерлері) және жарылғыш зат детекторлары сияқты заманауи техникалық тексеру құралдарымен жабдықтау бойынша ұсыныстар берілген. Тексеру пункттері арқылы жолаушылар ағынының өтуін жеделдету мақсатында кейбір пункттерді эргономикалық қайта орналастыруды жүзеге асыру және жолаушыларды тексеру үшін дене сканерлерін пайдалану ұсынылды.
АҚШ елшілігі жанындағы Экспорттық бақылау және шекара қауіпсіздігі бағдарламасының өкілдері тексеру инспекторларын TSA стандарттары бойынша оқыту және жоғарыда аталған бағдарламаның қаражаты есебінен тексеру жабдықтарын өтеусіз сатып алу туралы мәселені қарастыруда.
© Photo : Пресс-служба МИИР КазахстанаTSA сарапшылары елорда әуежайындағы тексеру пункттерінің жағдайына баға берді
TSA сарапшылары елорда әуежайындағы тексеру пункттерінің жағдайына баға берді
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2022
TSA сарапшылары елорда әуежайындағы тексеру пункттерінің жағдайына баға берді
Техникалық сапардың қорытындысы бойынша АҚШ-қа тікелей рейстер ашу шеңберінде Қазақстанның авиациялық әкімшілігі мен АҚШ көлік қауіпсіздігі әкімшілігі арасындағы ынтымақтастықты жалғастыру және кеңейту туралы шешім қабылданды.
Еске салсақ, алғашқы сапар 2021 жылдың қазан айында өтіп, онда TSA сарапшылары елдегі авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жоғары деңгейін атап өткен болатын және азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғау бойынша жүргізіліп жатқан шараларға оң баға берді.
Жаңалықтар
0