https://sputnik.kz/20220804/zhetisu-oblysynda-buqa-zeynetkerler-26518656.html
Жетісу облысында бұқа екі адамды сүзді - видео
Жетісу облысында бұқа екі адамды сүзді - видео
Sputnik Қазақстан
Бір зейнеткердің жамбас сүйегі сынған 04.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-04T09:51+0500
2022-08-04T09:51+0500
2023-08-10T12:02+0500
өңірлер
зейнеткер
https://sputnik.kz/img/1363/92/13639252_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_ce6103665d694a9db7d53826e09f76f8.jpg
АЛМАТЫ, 4 тамыз - Sputnik. Жетісу облысындағы ауылда бұқа екі зейнеткерді сүзіп алды. Салдарынан бір әйелдің жамбас сүйегі сынған, деп хабарлады Жетісу облысы Сарыөзек ауылының жергілікті тұрғыны."Көшеде жүрген бұқа 70 жастағы екі зейнеткерді сүзді. Ол ауруханаға түсті. Бұған дейін билік малды қараусыз бағуға болмайтынын ескерткен болатын. Олар бұл мәселені аудан билігіне жолдады, бірақ әзірге ешқандай әрекет жоқ", - деді ауыл тұрғындары.Кербұлақ ауданының әкімдігінде бұқаның иесін тауып, айыппұл салынғанын хабарлады. "Жануардың иесі анықталып, онымен түсіндіру жұмысы жүргізілді. Учаскелік полиция қызметкері оған 10 АЕК (30 630 теңге) айыппұл салды, жануардың иесі зардап шеккен адамды дәрі – дәрмекпен қамтамасыз етеді", - деп хабарлады әкімдік.Кербұлақ аудандық полиция қызметкерлері Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 408-бабына сәйкес жыл басынан бері 315 адамға айыппұл салынғанын хабарлады. "Осыған қарамастан, қараусыз жайылып жүрген мал саны азайған жоқ. Қазіргі уақытта Кербұлақ ауданының аумағында жануарларды уақытша ұстау пунктінің құрылысы жоспарланып отыр", - деп толықтырды полиция.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1363/92/13639252_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_8cdf13810c81bc8b72fa609cc5f6e703.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зейнеткер
Жетісу облысында бұқа екі адамды сүзді - видео
09:51 04.08.2022 (жаңартылды: 12:02 10.08.2023) Бір зейнеткердің жамбас сүйегі сынған
АЛМАТЫ, 4 тамыз - Sputnik. Жетісу облысындағы ауылда бұқа екі зейнеткерді сүзіп алды. Салдарынан бір әйелдің жамбас сүйегі сынған, деп хабарлады Жетісу облысы Сарыөзек ауылының жергілікті тұрғыны.
"Көшеде жүрген бұқа 70 жастағы екі зейнеткерді сүзді. Ол ауруханаға түсті. Бұған дейін билік малды қараусыз бағуға болмайтынын ескерткен болатын. Олар бұл мәселені аудан билігіне жолдады, бірақ әзірге ешқандай әрекет жоқ", - деді ауыл тұрғындары.
Кербұлақ ауданының әкімдігінде бұқаның иесін тауып, айыппұл салынғанын хабарлады.
"Жануардың иесі анықталып, онымен түсіндіру жұмысы жүргізілді. Учаскелік полиция қызметкері оған 10 АЕК (30 630 теңге) айыппұл салды, жануардың иесі зардап шеккен адамды дәрі – дәрмекпен қамтамасыз етеді", - деп хабарлады әкімдік.
Кербұлақ аудандық полиция қызметкерлері Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 408-бабына сәйкес жыл басынан бері 315 адамға айыппұл салынғанын хабарлады.
"Осыған қарамастан, қараусыз жайылып жүрген мал саны азайған жоқ. Қазіргі уақытта Кербұлақ ауданының аумағында жануарларды уақытша ұстау пунктінің құрылысы жоспарланып отыр", - деп толықтырды полиция.