https://sputnik.kz/20220804/teniz-novorossiysk-qubyr-munay-26519575.html
Теңіз – Новороссийск құбыр жүйесі арқылы мұнай айдау көлемі төмендеді
Теңіз – Новороссийск құбыр жүйесі арқылы мұнай айдау көлемі төмендеді
Sputnik Қазақстан
Компания акционерлері мен жүк жөнелтушілер қалыптасқан жағдайдан хабардар және өзекті жағдай бойынша тұрақты өзара іс-қимылды жүзеге асыруда 04.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-04T10:06+0500
2022-08-04T10:06+0500
2022-08-04T10:06+0500
мұнай
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/10/18664731_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_6814289ddfff8d639ec9362d4a43b316.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Каспий құбыр консорциумы (КҚК) құбыр жүйесінің бас учаскесінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Теңіз кен орнынан мұнай қабылдау төмендетілген режимде жүзеге асырылады, деп хабарлады КҚК баспасөз қызметі.Сондай-ақ Қашаған кен орнында мұнай өндіру тоқтауына байланысты КҚК құбыр жүйесінде мұнай қабылдау көлемі төмендеді.Ведомство мәліметінше, аталған факторлар Теңіз – Новороссийск құбыр жүйесі арқылы мұнай айдау көлемінің айтарлықтай төмендеуіне алып келді.Мұнай айдаудың режимдік көлемдерін қалпына келтіру туралы қосымша хабарланады, деп сендірді КҚК.КҚК құбыр жүйесі – ТМД аумағындағы шетел капиталы қатысатын энергетика саласындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі. Теңіз-Новороссийск құбырының ұзындығы 1 511 км құрайды, осы маршрут бойынша Қазақстанның барлық экспорттық мұнайының үштен екісінен астамы, сондай-ақ шикізат Ресей кен орындарынан, оның ішінде Каспийде орналасқан кен орындарынан тасымалданады. КҚК теңіз терминалы танкерлерді жағадан едәуір қашықтықта, оның ішінде қолайсыз метеожағдайларда қауіпсіз жүктеуге мүмкіндік беретін үш айлақтық құрылғымен (ВПУ) жабдықталған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/10/18664731_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_ab7e2dd59fbce508bf841b7214a4685f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай
Теңіз – Новороссийск құбыр жүйесі арқылы мұнай айдау көлемі төмендеді
Компания акционерлері мен жүк жөнелтушілер қалыптасқан жағдайдан хабардар және өзекті жағдай бойынша тұрақты өзара іс-қимылды жүзеге асыруда
НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Каспий құбыр консорциумы (КҚК) құбыр жүйесінің бас учаскесінде жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Теңіз кен орнынан мұнай қабылдау төмендетілген режимде жүзеге асырылады, деп хабарлады КҚК баспасөз қызметі.
Сондай-ақ Қашаған кен орнында мұнай өндіру тоқтауына байланысты КҚК құбыр жүйесінде мұнай қабылдау көлемі төмендеді.
Ведомство мәліметінше, аталған факторлар Теңіз – Новороссийск құбыр жүйесі арқылы мұнай айдау көлемінің айтарлықтай төмендеуіне алып келді.
Мұнай айдаудың режимдік көлемдерін қалпына келтіру туралы қосымша хабарланады, деп сендірді КҚК.
КҚК құбыр жүйесі – ТМД аумағындағы шетел капиталы қатысатын энергетика саласындағы ірі инвестициялық жобалардың бірі. Теңіз-Новороссийск құбырының ұзындығы 1 511 км құрайды, осы маршрут бойынша Қазақстанның барлық экспорттық мұнайының үштен екісінен астамы, сондай-ақ шикізат Ресей кен орындарынан, оның ішінде Каспийде орналасқан кен орындарынан тасымалданады. КҚК теңіз терминалы танкерлерді жағадан едәуір қашықтықта, оның ішінде қолайсыз метеожағдайларда қауіпсіз жүктеуге мүмкіндік беретін үш айлақтық құрылғымен (ВПУ) жабдықталған.