https://sputnik.kz/20220804/temirzhol-qatynasy-koz-zhumdy-26534621.html
Жыл басынан бері Қазақстанда 39 адам теміржол қатынасы жолдарында көз жұмды
Жыл басынан бері Қазақстанда 39 адам теміржол қатынасы жолдарында көз жұмды
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Қазақстанда биыл теміржол жолдарында 39 адам қаза тауып, 16 адам жарақат алды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне ҚР ІІМ... 04.08.2022, Sputnik Қазақстан
2022-08-04T21:47+0500
2022-08-04T21:47+0500
2022-08-04T21:47+0500
теміржол
https://sputnik.kz/img/07e5/08/0a/17823291_0:211:2997:1896_1920x0_80_0_0_9f58af3275e66a007cb8fcbe9a57bf70.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Қазақстанда биыл теміржол жолдарында 39 адам қаза тауып, 16 адам жарақат алды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі. Департамент басшысы Оңал Бекиевтің айтуынша, қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзу қайғылы оқиғалардың негізгі себебі болып отыр. Бұл – белгіленбеген жерден темір жолды кесіп өту, адамдардың негізсіз асығыстықтары мен бейқамдығы, жаяу жүргіншілерге арналған көпірлері мен тоннельдерді пайдаланғысы келмеу. Осы жылдың басынан бері көліктегі полиция департаменті пойызды апаттық жағдайда тоқтатудың 1 168 фактісін тіркеді және оның 250-і рельсте адамдардың болуына байланысты орындалған. 15 мыңнан астам азамат белгіленбеген жерден темір жолды кесіп өткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. "Әрине, бірінші кезекте адамдардың өздері теміржолдағы жүріс-тұрыс ережелерін қатаң сақтауға, сигналдарға құлақ асуға, сонымен қатар басқаларға ескертуге тиіс. Ата-аналар балаларды теміржолда қараусыз қалдыруға қатаң тыйым салынғанын ерекше есте ұстағаны жөн. Сондай-ақ алкогольдік масаң күйде теміржол көлігі нысандарында болуға тыйым салынады. Бұл қайғылы салдарға әкелуі мүмкін", - деді Оңал Бекиев.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/08/0a/17823291_133:0:2800:2000_1920x0_80_0_0_7cdab30260d8b42d699e9d668a8baf92.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теміржол
Жыл басынан бері Қазақстанда 39 адам теміржол қатынасы жолдарында көз жұмды
НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Қазақстанда биыл теміржол жолдарында 39 адам қаза тауып, 16 адам жарақат алды, деп хабарлады
Sputnik Қазақстан тілшісіне ҚР ІІМ көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Департамент басшысы Оңал Бекиевтің айтуынша, қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзу қайғылы оқиғалардың негізгі себебі болып отыр.
Бұл – белгіленбеген жерден темір жолды кесіп өту, адамдардың негізсіз асығыстықтары мен бейқамдығы, жаяу жүргіншілерге арналған көпірлері мен тоннельдерді пайдаланғысы келмеу.
"Жастардың жол бойында құлаққап арқылы музыка тыңдағаннан жақындап қалған пойыздың да, локомотивтің де дыбысын естімейтін фактілер бар", - деді Бекиев.
Осы жылдың басынан бері көліктегі полиция департаменті пойызды апаттық жағдайда тоқтатудың 1 168 фактісін тіркеді және оның 250-і рельсте адамдардың болуына байланысты орындалған. 15 мыңнан астам азамат белгіленбеген жерден темір жолды кесіп өткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
"Әрине, бірінші кезекте адамдардың өздері теміржолдағы жүріс-тұрыс ережелерін қатаң сақтауға, сигналдарға құлақ асуға, сонымен қатар басқаларға ескертуге тиіс. Ата-аналар балаларды теміржолда қараусыз қалдыруға қатаң тыйым салынғанын ерекше есте ұстағаны жөн. Сондай-ақ алкогольдік масаң күйде теміржол көлігі нысандарында болуға тыйым салынады. Бұл қайғылы салдарға әкелуі мүмкін", - деді Оңал Бекиев.