Қоғам

Тамыз – тәуелсіздік айы: нумеролог болжамы

© Еңлік АрықбайҚұралай Бақытқызы
Құралай Бақытқызы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2022
Жазылу
Осы айдың энергиясы өзіңізді басқа саладан көруге, кәсіп бастауға қолайлы
АЛМАТЫ, 4 тамыз – Sputnik. Нумерологиялық болжам – бұл сіздің өмірлік міндетіңіз бен мансапты, қатынастарды, қаржыны басқаратын процестер туралы білу мүмкіндігі.
Биылғы жылдың тамыз айында ел халқын нумерология бойынша не күтіп тұр? Тамыз айында қандай өзгерістер орын алады? Жалпы тамыз айының нумерологиялық саны нені білдіреді?
Осы сұрақтарға Sputnik Қазақстан тілшісіне нумеролог-сарапшы Құралай Бақытқызы жауап берді.
Нумерологтың айтуынша, 2022 жылғы тамыз айы қосындысы 5 санын береді. Яғни 8+2+0+2+2=14. 1+4=5. Ал 5 саны – әмбебап, тәуелсіздік айы. Бұл әрқашан қызықты уақыт. Нумерологиялық циклдің ортасында бесеу қалған сандар үшін тірек нүктесіне айналады. Осы айдың энергиясы өзіңізді басқа саладан көруге, кәсіп бастауға қолайлы.
Жаһандық мағынада ғана емес, сонымен бірге осы жерде және дәл қазір нені өзгерткіңіз келетіні туралы ойланыңыз. Демалысты қалай ұмытылмастай өткізуге болады? Өзіңізді қалай көтеруге болады? Өзіңізді дәл қазір немен қуанта аласыз?
Міне, осы сұрақтарға жауап беру арқылы айдың энергиясына ерекше сезімтал адамдар жаһандық өзгерістердің қажеттілігін сезінуі мүмкін. Тамыз бостандықтың, қызығушылықтың және кәсіпкерліктің қуатына толы, егер сіз оны диверсия жасамасаңыз, онда өзгеріс сізге жақсылық әкеледі, дейді сарапшы.
"Айға прогноз жасаған кезде тамыз айын жылға қосқанда ең соңында 5 саны шығады. Бес саны – бізде тәуелсіздік, қозғалыс, өзгеріс саны. Көп жағдайда логистика, қозғалыс айы. Өзгерістер. Адамдарда саяхат жасау, жұмыс ауыстыру көбірек болады. Яғни осы ай жұмыс ауыстыруға сәтті айдың бірі. Үкімет тарапынан қандай да бір өзгеріс, заң шығаруға да сәтті ай", – дейді Құралай Бақытқызы.
Сондай-ақ нумеролог тамыз айын құрылыс, мүлік айы екенін айтты. Себебі осы айда "тірі сегіз" саны кіріп тұр. Ал нумерология бойынша сегіз саны – бизнесмендердің саны.
"Үй аламын, тұрғын үй мәселесін шешуге таптырмас мүмкіндік айы. Тіпті осыған қатысты жаңа бағдарламалар шығып, жақсы жеңілдіктер болуы мүмкін. Адам үй аламын, көлік аламын десе осы айда алуына болады. Одан кейін инфобизнес, сауда немесе кез келген істе кәсіп бастаймын десе, тамыз айында қолға алса, сәттілік серік болады", – деген нумеролог тамыз айының сондай-ақ демография айы екенін жеткізді.
Айтуынша, жасанды ұрықтандыру жолымен бала көтеремін деп жоспарлап жүрген жандар болса, осы айдың жақсы көмегі болады. Себебі сегіз саны – жақсылықтың, кірістің саны. Одан бөлек нумеролог қосындысында бес саны болғандықтан, елде, көрші мемлекетте болып жатқан соғысқа қатысты жаңа толқынды байқаймыз деген пікірде.
"Жалпы ай жаман емес. Ақша айы, адамдар аудит есебін жақсы жүргізетін ай. Осы айда есеп-қисап жүргізіп, қаржылық сауатты үйренуге болады. Құрылыс, жол салу, жөндеуге байланысты бағдарламалар шыға ма, өзгерістер орын алуы мүмкін. Тұрғын үй мәселесі, пайдалы қазба байлықты өңдеуге байланысты ұлттық компанияларда жақсы жаңалықтар болуы бек мүмкін. Сол бағытта ай өзін өз қырынан көрсетеді", – деген пікірде маман.
Қорыта айтқанда бес саны тәуелсіздікті жақсы көреді, дейді нумеролог-сарапшы. Және осы айда әр адам осыған ұмтылатын көрінеді.
"Бизнес ашуға, сауда сатуға, маркетингке сәтті айлардың бірі. Балалы болуға, экстрокорпоральды ұрықтандыруға баруға. Үкімет тарапынан жақсы бағдарламалар енеді. Сондай-ақ тұрғын үй, құрылыс жүмыстары, бизнестің жол картасы сынды жақсы жақсы жеңілдіктер, бағдарламалар болуы мүмкін. Осы айда кез келген коммуникация, байланыс көп. Адамдар жаңалыққа дайын тұруы керек. Неғұрлым жаңалыққа дайын тұрсаңыз, соғұрлым перспективалы қарым-қатынас, перспективалы болашақ құратын ай", – деп қорытындылады нумеролог.
Жаңалықтар
0