Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Полковник Ольга Качураға қайтыс болғаннан кейін Ресей Батыры атағы берілді

Ольга Качура - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин ДХР Халық милициясы реактивті артиллериялық дивизионының командирі полковник Ольга Качураға қайтыс болғаннан кейін Ресей Батыры атағын берді, деп хабарлады Кремльдің Telegram-арнасы.
"Владимир Путин әскери борышын өтеу кезінде көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін полковник Ольга Качураға (қайтыс болғаннан кейін) Ресей Батыры атағын беру туралы жарлыққа қол қойды", - деп жазылған Кремль таратқан хабарламада.
Кремльдің баспасөз қызметі тиісті жарлықтың мәтінін жариялады.
Құжатта Качураға құрметті атақ "шайқас кезінде көрсеткен ерлік, батылдық пен қаһармандыққа байланысты сіңірген еңбегі үшін" берілгені жазылған.
Ольга Качураның қайтыс болғаны туралы бұған дейін Горловка мэрі Иван Приходько хабарлады. Әскери қызметшінің қандай жағдайда қайтыс болғаны туралы мәліметтер жария етілген жоқ.
Качура 2014 жылдың сәуірінде Донецк Халық Республикасы Халық милициясының рекативті артиллериялық дивизионының қолбасшылығына кірген.
Жаңалықтар
0