Кәсіпкер негізсіз салынған 4,2 миллион теңге айыппұлдан босатылды

© Sputnik / Тимур БатыршинПрокурор шені
Прокурор шені - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Павлодар облысының прокуратурасы кәсіпкерлерге қатысты 9 әкімшілік істі жарамсыз деп танып, олардың күшін жойды.
Өңірдің бақылау-қадағалау органдарының бірі шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметіне тексеріс жүргізу кезінде Кәсіпкерлік кодексінің талаптарын бұза отырып, тексеру негізіне ешқандай қатысы жоқ қосымша материалдарды талап еткен.
Нәтижесінде кәсіпкерге қатысты 1 хаттаманың орнына 10 хаттама толтырылып, 4,6 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша 9 әкімшілік өндіріс жарамсыз деп танылып, күші жойылды, кәсіпкер негізсіз салынған 4,2 миллион теңге айыппұлдан босатылды.
Қабылданған шаралардың арқасында жалпы сомасы 6,5 миллион теңгеге 53 әкімшілік өндіріс жойылды.
Кәсіпкерлерді әкімшілік өндіріске негізсіз тарту, айыппұлды дұрыс қолданбау, қысқартылған өндіріс тәртібі және т.б. фактілер анықталды.Әкімшілік заңнама талаптары жүйелі түрде бұзылған.
"Бұл кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделеріне қысым жасауға әкеп соқтырады", - дейді прокурорлар.
Жаңалықтар
0